Жолда ереже бұзу жағдайын анықтауда камералардың үлесі қандай

1136

Еліміздегі жолдарда әрбір екінші ереже бұзу жағдайы камера арқылы тіркеліп отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы елді мекен аумағында жылдамдықты асырудан болып отыр. Оларға 1296 жол-көлік оқиғасы тиесілі. Осының салдарынан 136 адам қаза болып, 1 628 адам дене жарақатын алды», - деді С. Түсіпов онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, аталған жол апаттарының алдын алуға автоматикалық камераларды орнату елеулі әсер етіп отыр.

«2020 жылы жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда қосымша 3,5 мың камера орнатылды. Осы орайда жол ережесін бұзу жағдайын анықтайтын автоматикалық камера саны 13,2 мыңнан асты. Биыл олардың көмегімен 1,6 млн жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Еліміздегі әрбір екінші ереже бұзу жағдайы камера арқылы тіркеліп отыр», - деді ведомство өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube