Биыл жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды

1160

Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылдың басынан ел жолдарында 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 1 017 адам қаза болып, 9 533 адам түрлі дене жарақатын алды», - деді С. Түсіпов.

Оның айтуынша, жолдағы қауіпсіздіктің айқындаушы факторы ретінде бұрынғысынша жүргізушілердің тәртібі қарастырылып отыр.

«Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асырудың 1,4 млн фактісі тіркелді», - деді ведомство өкілі.

Белгілі болғандай, осы жылы жол белгілері талаптары мен таңбаларды елемеудің 1 мыңға жуық оқиғасы анықталды.

Бұдан басқа, 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить