Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам мерт болды

1015

Павлодар облысында көлік апаты болып, үш адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Көлік апаты « Ленинский-Русская поляна» тасжолында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 31 шілде күні 17:30-да «Volkswagen Passat» пен «Toyota Carina» маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға орнында үші адам мерт болды.

«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы және Ертіс аудандық ауруханасынан медициналық бригада барды. Үш адам қайтыс болды: 51, 49 жастағы әйел, 52 жастағы ер адам», - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Одан бөлек тағы үш адам — 1961 және 1971 жылғы ер адам мен 1960 жылғы әйел жапа шеккен. Екі жүргізуші мен жолаушыларды түрлі жарақатпен Ертіс аудандық ауруханасына жеткізген.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить