Қостанай қалалық ауруханасы қайтадан инфекциялық стационарға айналды

1002

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгіннен бастап қалалық аурухана базасында инфекциялық стационардың қайта ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 14.00-ден бастап Қостанай қалалық ауруханасында шұғыл (соның ішінде жарақат пункті) және жоспарлы пациенттерді қабылдау тоқтатылды. Көмек облыстық ауруханада көрсетіледі. Қазіргі уақытта қалалық аурухананың пациенттерін шығару және облыстық ауруханаға ауыстыру жүзеге асырылып жатыр. 28 шілдеден бастап денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қалалық аурухана базасында 280 төсек орынға арналған инфекциялық стационар, оның ішінде 20 реанимациялық стационар ашылады», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұл өңірде КВИ жұқтырғандар санының артуына байланысты.

Бұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысында тәулігіне екі жүзден астам коронавирусқа шалдыққан адам тіркелген.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить