Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

1408

Қазақстандық Тимофей Скатов Перуджа (Италия) турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 325-орында тұрған Т.Скатов ширек финалда әлемнің 301-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездесті.

Аса тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші 7:6 (8:6), 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Үш сағатқа жуық созылған бәсеке барысында хорватиялық спортшы 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып, 9 эйс жасады. Т.Скатов эйс те, брейк те жасай алмады.

Дегенмен жарысты іріктеу сайыстарынан бастап, ширек финалға жетуін 20 жастағы Т.Скатовтың табысы деп бағалауға болады.

Нино Сердарушич финалға шығу үшін рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған украиналық Виталий Сачкомен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Италиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық жас теннисші елорда турнирінің жартылай финалын а шықты.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить