Қазақстан цифрлық хабар тарату жүйесіне толығымен қашан көшеді?

Аналогтық хабар тарату қай өңірлерде тоқтатылды, алда қандай облыстар жоспарланған

Дальмира Шигаева
Фото: Архив пресс-службы
Дальмира Шигаева

Жаңа телевизиялық формат  қандай өзгерістер алып келеді, жаңа стандарттың стратегиялық маңызы қандай, жоба неліктен мерзімінен кешікті? Бұл туралы Forbes.kz сайтына сұхбат берген «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі Дальмира Шигаева айтып береді.   

Қазақстан цифрлық эфирлік хабар тарату жүйесіне көшуді жалғастыруда және бұл жұмыс Республика  аймақтарында жүріп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың күзінде Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстары аналогтық желіні өшіріп, толығымен цифрлық хабар таратуға көшті. Биыл 2019 жылдың маусымында аналогтық хабар тарату Қостанай, Павлодар және Алматы облыстарында өшіріледі. Ал 2021 жылы республиканың бүкіл аумағы жаңа әрі тегін цифрлық форматқа көшеді.  

- Яғни, тіпті ең шалғай орналасқан ауылдың тұрғындары әдеттегі 4-5 арнаның орнына жаңа 15 шақты қазақстандық арнаны цифрлық сапада көре алады деген сөз. Ал облыс орталықтары мен республикалық маңыздағы қалаларда 30 телеарнаға дейін көрсетілетін болады.

Бұл үшін республикада қазірдің өзінде жоспарланған 827 радиотелевизиялық станцияның 446-сы салынып бітті. Нәтижесінде халықтың 83% цифрлық хабар таратумен қамтылды. Яғни, 13 миллионнан астам қазақстандық (3 млн. 700 мың үй шаруашылығы) цифрлық телевизияны тегін тамашалуға мүмкіндік алды, - дейді «Қазтелерадио» АҚ басшысының орынбасары.  

Айта кетейік, телевизияның жаңа стандартына көшу туралы «Женева 2006» халықаралық келісіміне 100-ден астам мемлекет қол қойған болатын. Бұл құжатқа Қазақстан 2006 жылы қосылған еді. Ең алғаш рет жерсеріктік телевизия Қазақстанда 2002 жылы «Кателко+» сауда белгісімен іске қосылды. 2011 жылдың қаңтарында жерсеріктік желі DVB-S2, MPEG-4 жаңа цифрлық стандартына көшіп, Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» деген атаумен өз жұмысын бастады.

-2009-2010 жылдары жер бетіндегі цифрлық эфирлік телевизия стандартын белгілеу үшін тестілеу жұмыстары жүргізілді. Сынақ жұмыстары нәтижесінде ҚР Премьер-министрінің 2010 жылғы 27 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес, Қазақстанда цифрлық хабар таратуды енгізу үшін DVB-T2 MPEG— европа стандарты таңдап алынды.

2012-жылдың 3-шілдесінде Астана қаласындағы медиаорталықта телеарналарды  DVB-T2, MPEG-4 цифрлық форматында трансляциялауды қамтамасыз ететін Ұлттық эфирлік цифрлық телехабар тарату желісі іске қосылды. Ең алғаш отандық телеарналарды цифрлық сапада көруге Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қалаларының тұрғындары мүмкіндік алды.

Ұлттық оператор  өкілінің айтуынша, ескі аналогтық жабдық «цифрда» жұмыс істеуге жарамайды. Ал қосалқы бөлшектері болса да жоқ. «Аналогтың» сигналы жөнелту барысында көп кедергілерге ұшырайды: бұл ескі хабар таратудың басты кемшілігі.  Сонымен қатар, аналогта бір жиілікте сигналдың бір таратқышы болса,  цифрда бір жиілікте 15 телеарнаға дейін хабар таратады. 

- Көрермен сүйіп көретін «Балапан» және «Kazsport» арналарын енді кез келген ауыл тұрғыны көре алады. Халықаралық талаптарға сәйкес келетін сапалы телевизиялық контент қала мен ауыл тұрғындарына бірдей дәрежеде қолжетімді.  Бұл үшін 25000-30000 теңге қаражат кететін қымбат жерсеріктік тәрелке орнатудың қажеті жоқ. Арналар үшін кабельдік операторға ақша төлемейсіз.   Ал, шекара маңындағы аумақтарда өмір сүріп, көршілес елдердің телевизиясын қарауға мәжбүр болған тұрғындар енді отандық телеарналарды таңдап,  елдегі лицензиясыз арналардан біржола бас тарта алады,- дейді спикер.

Дальмира Санжарқызының айтуынша, ЦЭТВ жобасын жүзеге асыру аясында тұрғындар арасында жаппай ақпараттық-түсіндірме науқаны қолға алынған. Облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында, ішкі саясат басқармаларының сайттарында цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу мен аналогтық желінің өшірілуі туралы хабарландыру үнемі жарияланып келеді.

- Жаңа «цифрға» қосылу үшін қабылдағыш керек немесе теледидарыңыз 2013 жылғыдан ескі болмауы тиіс. Осыдан кейін жаңа желіге теледидарды бала да қоса алады.  «Қазтелерадио» АҚ облыстық және аудандық әкімдіктермен тығыз жұмыс істеуде. Әлбетте, тұрмысы нашар отбасыларды тегін қабылдағышпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік көмек туралы да айта кеткеніміз жөн. Олар тегін қабылдағыштарды жергілікті әкімдіктерден ала алады. Сондай-ақ, нарықта цифрлық қабылдағыштар саны жеткілікті болуы бойынша іс-шаралар қолға алынуда. Жер-жере DVB-Т2 қабылдағыштарын сату нүктелері ұйымдастырылған, олардың құны 3 мың мен 10 мың теңге аралығында, - дейді сұхбат беруші.

Биыл цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшудің екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Ал бірінші кезеңнің аясында 2018 жылы аналогтық желі Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында өшірілген болатын. Ал екінші кезең ретінде –аналогтық телехабар тарату желісі Қостанай, Алматы және Павлодар облыстарында биыл толық өшіріледі деп жоспарланған. Бүгінгі таңда үш облыста 178 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, жабдықталды, осылайша  1784 елді мекен цифрлық эфирлік хабар аумағына енеді.

- Аумақтардың цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшуге дайындығы облыстық және аудандық әкімдіктер өкілдері мен  «Қазтелерадио» АҚ филиалының мамандарымен бірлесіп өткен жиналыста талқыланып келді. Мысалы, Павлодар облысында 29 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, модернизация жасалды, олардың барлығы қазір жұмыс істеп тұр. Бұл станциялардың арқасында цифрлық эфирлік телехабар желісі облыстағы 356 елді мекенді қамтитыды, ал бұл шамамен  744 мың тұрғын деген сөз. Ал Қостанай облысында 59 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, жаңғыртылды. Яғни жаңа желі облыс халқының 98 пайызын қамтиды, - дейді коммерциялық директор.  

Ал тұрғыны ең тығыз орналасқан Алматы облысында барлық 89 РТС тұрғызылып, модернизациядан өтті, маусым айында мұнда аналогтық желі өшірілген соң цифрлық эфирлік телевизия облыстағы 750 елді мекеннің 1,8 млн. тұрғынына қолжетімді болады.

- Бұл процесс неге қиындық туғызуда деген сауалға жауап берейік.  Аналог пен цифрға арналған бекеттердің айырмашылығы жер мен көктей.  Мәселен, «цифра» бойынша сигнал қабылдау аумағын арттыру үшін арнайы діңгек орнатылады және техниканы тиісті температурада ұстайтын герметикалық аумақтар қоса тұрғызылады.

Аймақтарда қиындық  көп. Мысалы, Жамбыл облысын алайық. Ондағы  «Батыс» станциясы теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте орналасқан. Қыста қатынау қиын. Көлік жүрмейді.  Ол 150 мың тұрғыны бар 80-нен астам елді мекенге арналған. Қазір бұл бекет пайдалануға берілген,  нәтижесінде шалғайдағы тұрғындар 15 шақты арнаны цифрлық сапада тамашалауда. Шығыс Қазақстанда да жағдай осындай, кедергі келтіретін факторлар өте көп, - деді орынбасар.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадиохабар таратуды енгізу және дамыту» жобасы 2012 жылдан бері «Қазтелерадио» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту арқылы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылып келеді.  

Бастапқыда жобаны жүзеге асыру мерзімі 2011-2015 жылдар аралығына  жоспарланған болатын. Алайда республика бюджетінен қаржы бөліну  бірнеше рет шегерілуіне байланысты, жобаны жүзеге асыру мерзімі ұзартылды.  Жалпы цифрландыруға осыған дейін 40 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды.

- Мысалы, ТМД бойынша  халқы тығыз орналасқан, жер көлемі жағынан кіші  – Өзбекстанды алайық. Бұл мемлекет бір сәтте аналогтық жүйені істен шығара алады. Себебі, онда  небәрі 369 цифрлық хабаршы орнатылған. Қырғызстанда солай. Халқы тығыз шоғырлаған шағын мемлекет  бұл жүйені бір уақытта өшіруіне  мүмкіндігі бар. Бізде 827 станция болса, оларда 50-ден сәл асады, - деп түйіндеді  Шигаева.

«Қазтелерадио» АҚ өкілінің айтуынша, қазірде телевизиялық бағдарламаларды қарау форматы өзгеріске ұшырауда. Көрермендер жаппай интернет-телевизияға көшіп жатқаны белгілі. Сондықтан, GALAM TV интернет-телевизиясының танымалдығын арттыруға күш салынуда екен.  Яғни, интернет қолжетімді болған сайын, соғұрлым интернет-телевизия қызметіне сұраныс артады.  

Сонымен қатар, радиохабар таратуды дамыту бағдарламасы жүзеге асуда.  Демек, республика тұрғындары телевизия сияқты толығымен радио тыңдайтын  болады. Биыл ел бойынша 12 радиотаратқыш орнатылды, оның ішінде 5 құрылғы Түркістан облысында қосылып, онда «Шалқар» радиосы толық жеткен.  Шығыс Қазақстан облысына 1 таратқыш орнатылып, аймақта «Қазақ радиосы» хабар таратуда. Жалпы қазір OTAU TV пакетінде 16 радиостанция бар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7124 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
22 октября родились
Бауыржан Урынбасаров
вице-президент АО "Национальная компания "Қазақстан темір жолы"
Нуржами Алтынсака
советник председателя правления АО «Жилстройсбербанк Казахстана»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить