Ұлағатты сөз: Cоғыс туралы

Біз өзіміз жасап жатқан дүниенің бәрін қажет деп ақтаймыз. Қалаларды өзіміз атқылағанда, мұны стратегиялық қажеттілік деп атаймыз, ал өзіміздің қаламызға бомба түскенде – мұны пасық қылмыс дейміз.
Эрих Мария Ремарк

Превентивті соғыс – өлімнен қорқып өзін-өзі өлтіру.
Отто фон Бисмарк

Үшінші дүниежүзілік соғыста қандай қару қолданылатынын білмеймін, бірақ төртіншіде таяқпен және таспен соғысады.
Альберт Эйнштейн

Бір күн соғысқанша, он жыл келіссөздер жүргізген дұрыс.
Андрей Громыко

ФОТО: © Dana Lixenberg

Олардың соғыстар жүргізуге ақшасы бар, бірақ мұқтаждарға тамақ алып бере алмайды.
Тупак Шакур

Соғысты тек алып-сатарлар, генералдар, штаб қызметкерлері мен жезөкшелер ғана жақсы көреді. Соғыс кезінде олар бұрын-соңды болмағандай өмір сүріп, қалтасын қалыңдата алды..
Эрнест Хемингуэй

Соғыстың ең жексұрын тұсы – барлық пропаганда мен айқай, бар өтірік пен жек көрушілік өздері соғыспайтын адамдардан шығады.
Джордж Оруэлл

Соғыста ешкім жеңбейді. Барлығы жеңіледі, ал соңғы жеңілгені бітімге
келуді сұрайды.
Рэй Брэдбери

ФОТО: © Yousuf Karsh

Мен соғысқа қарсы қозғалысқа ешқашан қосылмаймын. Мені бейбітшілік үшін күресетін қозғалыс пайда болғанда шақырыңыз.
Тереза ана

Адамдар Цезарь мен Наполеондардың алдында бас июін жалғастыра берсе, билікке сондай Цезарь мен Наполеондар келіп, адамдарға бақытсыздық әкеле бермек.
Олдос Хаксли

Қалаларды басып алып, шайқаста жеңуге болады, бірақ тұтас ұлтты бас идіре алмайсыз
Джордж Бернард Шоу

Соғыс – бейбіт күндегі мәселелерден қорқып қашу ғана.
Томас Манн

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
29333 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить