Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

Қазақ боксшысы 2018 жылдың 3 қарашасында американдық Ван Александрмен қолғап түйістіреді

Фото: Mikey Williams

Жәнібек Әлімханұлы - әуесқой бокстан Азия, Азия ойындары мен әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Атақты “Top Rank” промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Промоутері - Боб Арум, менеджері - Эгис Климас, Бапкері - Бадди МакГирдт. Команданың PR директоры Берік Сұлтан. Жаттығу базасы - Америка, Калифорния штаты, Нортридж қаласы.

F: Жәнібек, Америкадағы алғашқы жекпе-жегіңде сәтті өнер көрсетіп, жеңіске жеткеніңе қуаныштымыз. Кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегіңнің де уақыты белгілі болды. Екі бокс кешінің арасы бір ғана ай. Тым жақын емес пе?

- Көп рақмет. Аллаға шүкір, Америкадағы дебютты ойдағыдай өткіздік. Бапкерім айтқан барлық тапсырмаларды толықтай орындап шықтым. Бұл араға бір жыл салып шыққан жекпе-жегім ғой. Рингті сағынып қалыппын. Сағынышты басып, Америкалық аренаға да бой үйретіп алдық. Америка демесеңіз, өзіміздің елде жұдырықтасқандай күйде болдым.

Сан-Францискода тұратын, сонда оқитын 30-40 қазақ бауырларым келіп, “Алға Қазақстан”, “Алға Жәнібек” деп айқайлап, аренада көк туды желбіретіп жанкүйерлік етті. Шетте жүргенде қазақтардың қолдауы ерекше шабыт береді екен. Қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Америкадағы дебют алдында-ақ біздің командаға төртінші жекпе-жектің уақыты айтылды. Біз дайын боламыз дедік. Себебі көбірек жекпе-жек өткізіп, тезірек рейтингке кіріп, чемпиондармен шығу негізгі мақсатымыз болған соң уақыт аз деп жекпе-жектерді кейінге шегергіміз келмейді.

F: Қарсыласың 13 жекпе-жегінің 12-ін жеңген, оның 8-ін мерзімінен бұрын аяқтаған өте тәжірибелі америкалық боксшы. Төртінші жекпе-жегің үшін Ван Александр қауіпті қарсылас емес пе?

- Қазақ “торғайдан қорыққан тары екпейді” дейді. Егер мықтылармен шығудан қорықсаң онда боксты тастап, биге ауысу керек. Адам өзіне сенсе, еңбектенсе неге бірден мықтылармен шықпасқа? Кез-келген боксшының өзіміз сияқты екі-ақ қолы бар. Егер төрт қолды бокшы болса, онда онымен бірден шықпай біраз тәжірибе жинап алу керек болады. Негізі әр команданың өз мақсаты бар. Біреулер әлсіздерден бастап жәй-жәй күшті қарсыластармен шығады. Ол да қате емес деп ойламын. Себебі боксшының жағдайын командасындағылар жақсы біледі. Ван Александрдың жекпе-жектерін қарап, бапкеріммен тактика құрып қазір сол тактикада спаррингтер өткізіп жатырмын. Бұйыртса, 2018 жылдың 3 қарашасында америкалықтарға қазақ бокс стилін көрсетемін.

F: Әлеуметтік желілерде сенің спаррингтеріңді көріп жүрміз. Байқағанымыздай қарсылас боксшылар да өте тәжірибелі сияқты. Оларды кім, қалай таңдайды?

- Қазіргі күні 12-0, 15-0 рекорды бар боксшылармен спарринг жасап жатырмын. Барлығы кәсіпқой бокстың қыр- сырын әбден меңгеріп алған әккі жігіттер. Рингте неше түрлі қулықтар жасайды, сені шаршатудың әртүрлі әдістерін қолданады. Мен үшін өте керемет тәжірибе алмасу болып жатыр. Бапкерім Бадди МакГирд өте танымал бапкер. Америкадағы көп мықты бапкерлерді таниды. Солармен хабарласып, жекпе-жектегі қарсыласымның жұдырықтасу мәнеріне сай боксшыларды табады. Спаррингтен соң бапкеріммен отырып талқылаймыз, олар кеңесін айтады. Ертесіне спаррингте жіберген қателіктермен жұмыс жасаймыз. Күніміз осылай шыңдалумен өтіп жатыр.

F: Жанкүйерлер келесі жекпе-жегіңнен нокаут күтеміз деп жатыр. Жалпы рингте қарсыласты құлату ол оңай шаруа емес екені анық. Нокаутқа түсіруге қаншалықты дайынсың?

- Рингке ешкім мен қарсыласымды нокаутқа түсірмеймін, оны жәй ұрамын деп шықпайды. Реті келсе кез кез келген боксшы жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағысы келеді. Рингте күтпеген жағдайлар өте көп болады. Кейде алдын ала құрған тактикаң түкке жарамай қалады. Қарсыласың да сені жеңемін деп шағады. Ол да командасымен тактика құрады. Сол үшін боксшы жекпе-жектің барлық раундына дайын болу керек деп есептеймін. Қарсыластың әлсіз жерін байқаса ретін тауып құлатуға тырыспайтын боксшы жоқ.

F: Енді қаржыға қатысты сұрағымыз бар. Бір жекпе – жектен қанша гонорар аласың? Америкадағы шығындарыңды кім көтереді? Демеушің бар ма?

- Америкадағы карьерамды енді бастап жатқан соң гонорарым әлі чемпиондардың табысы сияқты көп емес. Берілетін ақша пәтерге, тамағымызға, өмір сүруге жетеді. Ал, қосымша шығындар үшін әлі демеуші табылмады. Жұмыс енді басталды ғой. 2-3 жекпе –жектен соң табылып та қалар. Әзірге, барға қанағат етіп, жұмыс жасап жатырмыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2667 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
16 ноября родились
Гульнара Алимгазиева
управляющий директор НАО «Фонд социального медицинского страхования»
Игорь Мельцер
медиаменеджер, основатель газеты "Время"
Самые интересные материалы сайта у тебя на почте!
Подпишись на рассылку
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить