Коронавирус Қытайдың экономикалық дамуына кері әсер ете ме?

НЬЮ-ЙОРК – Қытайдың ең ірі әрі транспорттық орталығы саналатын Ухань қаласында басталған 2019-nCov жаңа короновирусы төңірегіндегі шу 2003 жылғы атипиялық пневмония немесе ауыр жіті респираторлы синдромы (SARS) кезіндегі тұрақсыздық пен үрейді еске салады

ФОТО: Depositphotos.com/kawing921

Бірнеше ай қатарынан өсімі жоғарылаған Қытай қор нарығы соңғы уақытта құлдырауда. Жаһандық нарық жүйесінде де көрініс тапқан мұндай үрдіс эпидемия салдарының Қытай экономикасы мен жаһандық экономикалық дамуға тигізетін кері әсеріне алаңдаушылық болса керек. Алайда вирусқа байланысты осыншалықты алаңдауға негіз бар ма?

Менің болжауым бойынша коронавирус мәселесі күрделене түседі, өлім саны мен ауруды жұқтыру ақпан айының екінші, үшінші аптасында ұлғаяды. Бірақ Қытай билігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәуір айына қарай эпидемияны бақылауға алғанын жариялайды деп ойлаймын.

Осындай сценарийге сәйкес вирустың экономикаға кері әсер етуі шектеледі. Вирустың салдарынан 2020 жылдағы Қытайдың ЖІӨ 0,1 пайыздық мөлшерде азаюы мүмкін. Әлбетте, 2020 жылдың бірінші кварталында айтарлықтай өзгеріс болары сөзсіз. Жылдық көрсеткіш бір пайыздық мөлшерде төмендеп, ал келесі айларда бұл құлдыраудың өтемі ретінде трендтен жоғары өсім қарқыны орын алады. Ал вирустың жаһандық ЖІӨ-нің өсіміне әсері өте төмен болмақ.

Бұл жорамалда атипиялық пневмания уақытындағы дағдарыс тәжірибесі ескеріледі: 2003 жылдың екінші кварталында Қытай ЖІӨ қатты төмендеген, келесі екі кварталда қайта қалпына келді. 2003 жылдың қорытындысы бойынша өсу қарқыны 10% көрсеткішке ие болған, яғни инвестициялық банк экономистерінің эпидемия экономикалық дамуға жағымсыз әсер етеді деген жорамалы тым әсіреленген екенін байқаймыз. 2000-2006 жылдар арасындағы Қытай ЖІӨ жылдық өсімін қарап көріңіз, ол жерде SARS әсерінің ізі де жоқ.

Эпидемияның басы бір аптаға созылатын қытай Жаңа жылы кезінде, мектеп оқушыларының демалысы мен қытайлардың дәстүрлі саяхат жасау уақытымен тұспа-тұс келген. Халықтың көпшілігі дүкен, мейрамхана, туристік орындарға барудан бас тартуы экономикаға кері әсерін тигізері анық. Бірақ вирустың жағымсыз салдарын шектейтін үш негізгі фактор бар.

Әуелі,  SARS жағдайымен салыстырғанда, бүгінде Қытай ғаламторда сауда жасау дәуіріне аяқ басты: тұтынушылар өзіне қажеттіні онлайн сатып алады. Егер вирусқа байланысты оффлайн сауда жұмысы төмендесе, онлайн сатып алу көлемі артады. Ал бүгін саяхатынан бас тартқандар біраз уақыт өткен соң саяхатты қайта жоспарлайтыны белгілі, себебі алдын-ала қаражат жиналып қойған.

Көптеген зауыттар жаңа жылдық демалысқа қарсы өз жұмыстарын тоқтатқан, енді ғана етек жая бастаған эпидемия фактісі олардың алдағы уақытта да өндіріс жұмысын тоқтатуға себепші болуы мүмкін. Мемлекеттік ведомстволар мен мектептер де жаңа жылдық демалыс кезінде жұмысын тоқтатуды жоспарлаған және оның эпидемияға еш қатысы жоқ еді. Жақында Үкімет демалыс уақытының ұзаруы туралы хабарлады, бірақ компаниялар жұмыс уақытының шығынын қалпына келтірудің амалын таба алады.  Қысқа мерзімді қолайсыздықтың салдары арнайы салаларға: мейрамхана, қонақ үй мен әуе компанияларына ауыр соққы болмақ.

Екінщіден, қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ухань коронавирусының атипиялық пневмония вирусымен салыстырғанда өлімге апарар қаупі төмен (бастапқыда өте жылдам таралуына қарамастан). Сонымен қатар, Қытай билігі  SARS эпидемиясы кезіндегідей емес, ауруға байланысты ақпараттың таралуымен қатар вирустың таралуына да тез арада бақылау орната алады. Ауруға ұшыраған немесе вирусты жұқтырып алуы мүмкін адамдарды тұрғындардан оқшаулау сияқты радикалды шаралардың көмегімен билік вирустың таралуын тоқтату мүмкіндігін арттырып отыр. Өз кезегінде бұндай процесс жылдың алғашқы кварталындағы экономикалық шығынды келесі айлардағы белсенді өсім арқылы қайта қалпына келтіретінін білдіреді.

Үшіншіден, 15 қаңтар күні Қытай сауда өкілдері АҚШ-пен арадағы «алғашқы кезең» келісіміне қол қойған күн коронавирус қаупі туралы білген я білмегеніне қарамастан бұл датаны өте сәтті таңдалған. АҚШ-тан (және басқа елдерден) медициналық өнімдер мен маска импортын арттыру арқылы Қытай денсаулық сақтау саласындағы дағдарысты шешіп, тауарды мөлшерден жоғары импорттау келісімі туралы уәдесін орындай алады.

Коронавирус өзге елдердің экономикасына қатты әсер етпейді. Соңғы бес жылда көптеген ірі орталық банктер Қытайдың экономикалық дамуындағы үрдістердің өз елінің экономикасына әсерін бағалауға мүмкіндік беретін модель ойлап шығарған. Мұндай модельдер қазіргі таңдағы медициналық дағдарыстарды есепке алмайды, Қытаймен арадағы сауда және қаржы байланысына мән береді.

Қысқаша айтсақ, Қытайдағы ЖІӨ өсімінің құлдырауы америкалық және еуропалық экономикаға тигізетін керіс әсері пайыздық көрсеткішпен 1/5-ге тең келеді. Мысалы, коронавирус эпидемиясына байланысты Қытайда ЖІӨ өсу қарқыны 0,1 пайызға төмендесе, АҚШ пен Еуропада шамамен 0,02 пайыздық көрсеткішке төмендейді. Туристік және шикізат бойынша Қытаймен тығыз қарым-қатынастағы Аустралия экономикасы үшін вирус салдары екі есе әсер етуі мүмкін, олай болған күннің өзінде де өсу қарқынының төмендеуі тек 0,04 пайыз болады.

Аталған есептік көрсеткіштердің коронавирус бұл елдерде кеңінен таралмайтынын әрі ешқандай шығынға ұшырамайтынын көрсетеді. Қытай шекарасынан тыс жерлерде ауру ошақтары сирек кездесіп жатқанына қарамастан, мұндай болжамға сенім аз. 

Негізгі сценарийде болжағандай емес, дағдарыс ұзаққа созылып кетсе, әрине, коронавирустың Қытай және басқа елдерге әсері өте жаман болады. Бірақ бұл жерде ескеретін жайт – Қытай билігінің монетарлы және бюджет экспансиясын жүргізетін кеңістігі бар: банк секторындағы резерв көлемі салыстырмалы түрде жоғары, ал мемлекеттік сектордағы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы Қытайдың халықаралық серіктестерімен салыстырғанда бұрынғыдай бақылауда. Қажет болған жағдайда Қытай билігі аталған кеңістікті эпидемиялық дағдарысқа қарсы қолдана алады.

Коронавирустың тарауы Қытаймен қатар басқа елдерді уайымдатып отыр және ол түсінікті де. Алайда экономикалық тұрғыда алаңдауға әлі ерте.

© Project Syndicate 1995-2020 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
11617 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
6 августа родились
Акылбай Сапаров
советник генерального директора АО «КазМунайГаз - Переработка и маркетинг»
Ермек Кизатов
заместитель акима Нур-Султана
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить