Еуразиялық экономикалық одақтан шығу мүмкін бе?

20776

Бүгін бүкіл әлем «көрші» экономикалық одақтардағы екі EXIT-терді бақылап отыр: Ұлыбританияның бейбіт BREXIT-і және Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс. Екі мысал да кез келген экономикалық одақтан шығу қиын, шығыны көп әрі нәтижесі болжауға келмейтін процесс екенін байқатады.

Фото: Depositphotos.com/luissantos84

Болжам жасау үшін тақырыпта қойылған сұраққа жауап беретін болсақ, Қазақстан ЕАЭО-дан келісіммен шығып, Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығу тәжірибесін зерттеу керек.

Әлем экономикасы 2016 жылдың 23 маусымындағы консультативтік референдумның нәтижесін жылы қабылдай қойған жоқ. Ол кезде референдумға қатысқандардың 51,9%-ы Ұлыбританияның ЕО-дан шығуын қолдаған еді. Көпшілік индекстер күрт құлады, мысалы, жапондық Nikkei 225 1,286 пунктіге құлдырап, одан ары қарай оңалдырмайтын көрсеткіштерге дейін құлдырамас үшін сауда жабылған болатын. Ал британдық фунт АҚШ долларына қатысты 1,5‑тен 1,32‑ге дейін құлдырап, содан бері бұрынғы тепе-теңдікті қалпына келтіре ала қойған жоқ.

Референдумнан кейін жеті жыл бойы және Ұлыбританияның ЕО-дан (2020 жылдың 31 желтоқсанында) іс жүзінде шығуынан кейінгі үш жылда BREXIT-тің Ұлыбритания экономикасына қаншалықты әсер еткенін бақылай аламыз. 2023 жылдың мамырында Лондон экономика мектебінің Center for Economic Performance «Брексит және азық-түлік бағасы: 2023 жылғы мәлімет» деп аталатын есебін жариялады.

Бұл зерттеудің негізгі нәтижесіне келетін болсақ:

  • Ұлыбритания соңғы уақытта жоғары инфляциялық қысыммен бетпе-бет келді, ал азық-түлік пен алкогольсіз ішімдіктердің инфляция деңгейі 45 жыл ішіндегі максимумға жетті.
  • 2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2023 жылдың наурызына дейін азық-түлік бағасы 25 пайызға дейін өсті. Талдау көрсеткендей, егер BREXIT болмаса, бұл сан 8 пайыздық тармаққа (30%) төмен болар еді.
  • 2022 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың наурызы аралығында басқаға қарағанда BREXIT-ке көбірек байланған (референдумға дейін ЕО-дан келетін импортқа тәуелді) азық-түлік бағасы байланбағанмен салыстырғанда шамамен 3,5 пайыздық тармаққа ұлғайды.
  • Бұл өзгерістер толығымен жоғары тарифтік емес кедергілері бар өнімдерге байланысты болды. ЕО-дан импортталатын ет пен ірімшік сияқты осы санатқа жататын азық-түлік өнімдері сауда және ынтымақтастық туралы келісім күшіне енген 2021 жылдың қаңтарынан бастап BREXIT-ке кірмеген ұқсас азық-түлік өнімдерімен салыстырғанда шамамен 10 пайыздық тармаққа өсті.
  • 2019 жылдың желтоқсанынан бастап азық-түлік бағасына ықпалын ескеретін болсақ, BREXIT құны әр отбасы үшін енді 250 фунт стерлингті құрайды. Бұл Ұлыбританияның барлық үй шаруашылықтары бойынша жалпы сомасы 6,95 миллиард фунт стерлингке дейін жетеді.
  • BREXIT-ке неғұрлым байланған өнімдер бағасының біз бақылап тұрғандай өсуі ковид, карантин немесе Ресейдің Украинаға басып кіруі сияқты инфляциялық қысыммен байланысты болуы мүмкін макро оқиғалармен байланысты емес. Оның үстіне, нәтижелердің толығымен ЕО-дан импортталатын тарифтік емес кедергілердің жоғары деңгейі бар өнімдермен қамтамасыз етілуі бұл әсерлерді BREXIT-тің қозғайтынын көрсетеді.

Осылайша, қысқа мерзімді перспективада Ұлыбритания экономикасы үшін BREXIT салдары теріс болып табылады, соңғы сауалнамалардың нәтижелері бойынша британдықтардың көпшілігі Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуын құптамайтыны да содан. Британдық академиялық әлем BREXIT-тің ел экономикасына әсері туралы көптеген пессимистік эконометриялық модельдер жасады және макроэкономикалық көрсеткіштерді үнемі қадағалап отырады, біз мұны Лондон экономика мектебінің баяндамасынан көріп отырмыз.

BREXIT-тің салдарына қарамастан, бұл сол халықтың шешімі әрі онымен ешкім дауласа алмайды.

Бірақ мұндағы ең маңызды мәселе — Ұлыбритания үкіметі елді қазіргі қиын экономикалық жағдайдан қалай шығарады? Қазақстан ерекше мән беріп, бақылап, зерттеп, сабақ алуы керек тақырып осы.

Financial Times газетінің қыркүйек айындағы санында жарияланған Джанан Ганештің «Ұлыбри-тания қайтадан прагматикалық елге айналуда» деген мақаласында автор Ұлыбританияның басқа бай елдерге қарағанда радикалды саясаттан ұтылатыны көп болғаны үшін қалайша тезірек бас тартқаны туралы жазады.

Радикалды саясаттан бас тарту үшін ел мұндай радикалды саясаттан айтарлықтай зардап шегуі керек. Джанан Ганеш BREXIT-ті меңзеп отырғаны анық, онда ел дәстүрлі емес саясаткерге ғана емес, сонымен қатар заманауи жетілген демократиялар бетпе-бет сирек кездесетін дәстүрлі емес жобаға да дауыс берді.

Технократ Сунак BREXIT салдары, АҚШ-тағы Дональд Трамп әкімшілігінің ықтимал жеңісінің әсері, Франциядағы экстремистердің күшеюі, Германиядағы популистік идеялардың өсуі контексінде шешім қабылдайды — прагматик болу үшін жалғыз жол да осы.

География — бұл тағдыр, елдер өзінің көршісінен тек пайда тауып қана қоймай, сол көршілері импорттауы мүмкін негативті тәуекелді барынша азайтуы керек.

Көршілеріне қызығушылықпен қарайтынына қарамастан, бұл елдерде болып жатқан заманауи саяси және экономикалық процестер Ұлыбритания экономикасына да кері әсерін тигізуде. Бірақ қазіргі институттар Ұлыбританияға қайтадан прагматикалық тұрғыда әрекет етуге мүмкіндік береді деп нақты айта аламыз.

Қазақстанға да шұғыл түрде прагматик болу керек, ол үшін билік институттарын құру маңызды. ЕО-дан шығу туралы келісім Ұлы-британия парламентінде қиын және ауыр талқылаулардан өтті. Қазақ-станда ЕАЭО-дан шығу шарттары талқыланатын кәсіби парламенттің болмауы, тіпті бұл идеяны үлгі ету үшін де елдің ұстанымын айтарлықтай әлсіретеді. Блогерлер мен жай ғана жақсы адамдардан тұратын парламент үкімет әзірлеген құжаттарды сапалы сараптамадан өткізе алмай отыр. Әңгіме тек билікті сынау беруде ғана емес, бірақ өмірлік маңызы бар сапалы құжат тек тәуелсіз кәсіби талқылау нәтижесінде ғана дүниеге келуі мүмкін.

Қазақстан экономиканы, көліктік-­логистикалық бағыттарды әртараптандыру мәселесін түпкілікті шешу үшін жеткілікті дәрежеде прагматикалық ұстанымда болуы керек, шығындарды қадағалап, елді дайындап, ең нашар даму сценарийлеріне дайын болуы қажет.

Қазақстан прагматикалық тұрғыдан әрекет етуі керек — нақты жағдай туралы деректерге ие болу үшін «статистикаға еркіндік беру» қажет, ал «сұр нарықтың» үлесі айтарлықтай болып отырған жағдайда ЕАЭО-дан шығу туралы объективті шешімдер қабылдау әрі мұның салдарын болжау мүмкін емес.

Қайталап айтамын, еліміз жеткілікті деңгейде прагматикалық ұстанымда болып, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау және оларды түзете алу үшін impact evaluation әдістемесі арқылы академиялық және кәсіби саланы тәуелсіз бағалау мен талдауға тартуы керек.

Өкінішке қарай, «Қазақстан ЕАЭО-дан ешбір зардапсыз шыға ала ма?» деген сұрақтың жауабын статистикалық мәліметке сараптама жасаудан табуға болмайды. Қазақстанның экономикалық дамуының кез келген басқа мәселелері сияқты, бұл мәселе де еліміздің саяси басқару жүйесіне және маңызды экономикалық және саяси шешімдерді қабылдау процесіне байланысты.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить