Демократиялық қоғамдағы мемлекеттің рөлі мен құрылымы

Мен айтқалы отырған идеялар танымал америкалық экономист Милтон Фридманның «Капитализм және бостандық» кітабына негізделген

ФОТО: pixabay.com

Мемлекеттің қоғамдағы рөлі туралы мәселе мамандардың үлкен қызығушылығын тудырады, бірақ қарапайым азаматтардың бұған қатысты ұстанымы әркезде мәлім бола бермейді әрі нақты тұжырымдалмаған. Қоғамдағы мемлекеттің рөлі туралы түсінік «Мемлекет болу керек» және «Мемлекет бізге міндетті:» дегенге келіп тіреледі. Қос нүктеден кейін көше тазалау, жолдардың жағдайы, білім беру, медицина, тәртіп сақтау және осы сияқты сан алуан мәселе бойынша мемлекеттің міндеттемелерінің ауқымды тізімі көрсетіледі. Отандастарымыз көп жағдайда мемлекетті қоғамнан бөліп, оны бір абстрактілі ұғым ретінде қарастырады. Мемлекет деген өзіміз екенін әрі оның мәні біздің ол туралы түсінігіміз арқылы анықталатынын әлі ұғынуымыз керек.

Фридманды оқысақ (мен онымен келісемін), демократиялық мемлекеттің негізгі функциясы – бостандықтарымызды сақтау. Бұл жерде бостандық деп сыртқы ықпалдан, азаматтарымыздан және мемлекеттің өзінен қорғануды айтады. Мемлекет біздің бостандығымызды сақтау үшін керек әрі оны сол бос- тандықтарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрал деп айта аламыз. Бірақ билік саясаткерлердің қолына шоғырланғанда, ол біздің бостандықтарымызға қауіп төндіреді.

Бұл жерде билікте отырғандардың моралі қандай болғанына қарамастан, мемлекеттік жүйе біздің бостандықтарымызды қорғауы қажет екенін түсінуіміз керек. Көп жағдайда биліктің өкілеттігін ниеті дұрыс адамдар иеленіп, бірақ оны көзқарасы бөлек біреулер пайдаланып кетуі мүмкін.

Өз тәжірибемізге сүйеніп айтатын болсақ, биліктің бір қолға шоғырлануы – ең басты қатер, мұны тарих та растайды. Сондық- тан мемлекеттің өкілеттігі шектеулі әрі барынша бір жерде шоғырланбауы керек.

Билікті шектеудің негізгі принципі – оны бір-бірінен тәуелсіз үш тармаққа – заң шығарушы (өкілдік), атқарушы және сот билігі деп бөлу.

Биліктің заң шығарушы (өкілдік) қызметін жалпыға бірдей сайлауда сайланатын парламент атқарады. Бұл мемлекеттік орган барлық заңның қабылдануына жауап береді.

Биліктің атқарушы функциясын президент немесе премьер-министр атқарады. Президенттік басқару үлгісінде президент жалпыға бірдей сайлауда сайланады. Парламенттік басқару түрінде атқарушы билік премьер-министрдің қолында, ол парламентте ең көп дауыс жинаған партияның өкілі болуы тиіс. Үкімет парламент қабылдаған заңдар шеңберінде мемлекеттік қызметтерді атқарумен айналысады.

Сот жүйесі субьектілер (мемлекеттің өзін қосқанда) арасында туындайтын барлық даулы мәселелерді реттейтін тәуелсіз әрі әділ төрешінің қызметін атқарады.

Биліктің барлық тармағының басты сипаты – олардың бір-бірінен тәуелсіз болуында. Яғни биліктің бірде-бір тармағы екіншісін қалыптастырып, оның шешіміне ықпал ете алмайды. Бұған қалай қол жеткізеді? Бұл енді басқа мәселе.

Билікті шектейтін екінші принцип – оның барынша бір жерде шоғырланбауында. Бұл жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу арқылы жүзеге асады.

Жергілікті өзін-өзі басқару – субсидиарлық қағидасына негізделген демократиялық мемлекеттің ең маңызды институттарының бірі. Қысқаша мұны «төменнен жоғары қарай» принципіне сүйене отырып, билікті құру жүйесі деп сипаттауға болады. Саяси шешімдер мәселе туындаған орынға барынша жақын деңгейде қабылдануы керек. Ол тиімсіз немесе төменгі деңгейде жүзеге асыру мүмкін емес болған жағдайда ғана өкілеттікті жоғары деңгейге береді. Жоғары деңгей төменгі деңгейді басқармайды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың бірнеше деңгейі бар, олардың әрқайсысы өз міндетін орындайды. Ең төменгі деңгей коммуналдық қызмет, қоқыс тазалау және оны шығару, абаттандыру әрі жол жөндеу мәселелеріне жауап береді. Округтарды ірілендіруге болмайды, себебі бұл кезде ашықтық жоғалып, жауапкершілік азаяды.

Демократиялық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару органдары да сайланады, ең бастысы олардың шешімдеріне орталық билік араласа алмайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13998 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить