Қазақстандағы шикізат нарығының кешегісі мен ертеңі

Қазақстан – экономикасы диверсификацияланбаған мемлекеттер қатарын толықтырады. Бүгінде еліміз мұнай қорларының көлемі бойынша әлемнің ең ірі 15 мемлекетінің тізіміне еніп отыр

ФОТО: pixabay.com

BP Statistical Review of World Energy деректеріне сәйкес, Қазақстанның дәлелденген қорлары 3,9 млрд тоннаны құрайды, яғни әлемдік қордың 1,7%-ы. Неліктен ел бір ғана сектор экспортының кепіліне айналды және оның экономикаға қаупі қандай?

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстандағы игерілмеген қорлардың саны көп болатын. Республикадағы мұнай өндірісін дамыту шикізатты тасымалдау қиындықтарымен одан сайын күрделене түсті. Бүгінге дейін еліміз көрші мемлекеттердің мұнай құбыры жүйелеріне тәуелділік танытып отыр (солардың бірі – Ресейдің «Транснефть» мұнай құбыры). Бұнымен қатар, Қазақстандағы шикізатты өндіру мен оны қайта өңдеу арасында үлкен теңгерімсіздік бар. Мәселен, шикізат өнімдерін өндіру жылына шамамен 80 миллион тонна деңгейінде болса, соның ішінде небары 15 миллион тоннасы ғана қайта өңделеді. Демек, мұнайды өңдеу процесі ішкі нарықтың қажеттілігін толық жаба алмай отыр.

Экономиканың мұнай кірісінен ең шалқыған шағы 2000-жылдардың бірінші онжылдығы еді. Ол кездегі мұнайдың бағасы (барреліне – $80–120) республиканың ЖІӨ-нің қуатты драйвері бола алғандай, мәселен:

  1. 2000 жылы ҚР Ұлттық қорының құрылуы экономиканың қосымша қауіпсіздік жастығына айналды, ал банк жүйесі шетелге оңай несиелене бастады;
  2. тұтынушылық және ипотекалық несиелендіру нарығы өркендеді, яғни экономикада айтарлықтай ілгерілеушілік байқалды.

Бірақ бұның бәрі экономиканың өтпелі «эйфория» кезеңі болатын. Іс жүзінде, 2000-жылдары Қазақстан экономикасында нағыз «голланд ауруы» басталды: біз экспортты табанды түрде мұнай бағасына тәуелді еттік, бірақ мұнай қоймаларындағы өңделген артық шикізат көздеріне назар аудармадық. Мемлекет экономиканы ақшаға (cash) айналдырып, ресурстарды жалға берудің көлемін ұлғайтты. Елде инновациялық, өндірістік рентаны құра алатын басқа ештеңе қалмағандықтан, біз қаржы және жылжымайтын мүлікпен айналыса бастадық. Онымен қоса, ұлттық қарыз көлемі өсе бастады (бүгінде оның көлемі - 20,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 29,6%-ды құрайды).

Қазақстан экономикасындағы «голланд ауруының» қазіргі және 2000-жылдардағы келесі типтік белгілерін атап көрсетуге болады: сатылатын тауарларға қарағанда сатылмайтын тауарлар бағасының жүйелі өсуі; мұнаймен байланысы жоқ экономиканың артта қалған секторларының ЖІӨ-де, экспортта және жұмыспен қамту саласында үлесінің азаюы. Мұнай бағасы құлдырап, бюджет тапшылығы жоғарылаған сайын еліміздегі азаматтардың өмір сүру деңгейі де мәз емес (Social Progress Imperative әлеуметтік прогресс рейтингі бойынша (2019), Қазақстан 149 елдің ішінде 69-шы орнын иеленген).

2009 және 2016 жылдардағы дағдарыстар кезінде мұнайдың бағасы күрт өсіп, көп ұзамай бірден күйреген кезде ресурсқа тәуелді елдердің бірқатары экономикаларын диверсификациялап алды. Олардың қатарына Мексика мен Индонезияны жатқызсақ болады. Ал былтырғы «коронадағдарысы» мен «сауда соғысының» салдары ұлттық валютаның құнсыздануына әкеліп, «дамыған» мемлекеттік меншік секторларына едәуір соққы берді. Мұнай бағасының төмендігі (Brent – $65,55, WTI – $62,54), Ресей мен ЕАЭО-қа қарсы салынатын санкциялар тұрақсыздыққа кепілдік беріп отыр.

Байқап отырсақ, экономикалық модельді мұнай экспортынан түсетін кірістерге тәуелділікте ұстау – ешқашан толыққанды жетістіктің көзі бола алған жоқ. Керісінше, «голланд ауруы» ауыл шаруашылығы сияқты бәсекеге қабілетсіз секторлардың дамуына кері ықпалын тигізіп келді. Демек, тығырықтан шығудың бірден-бір жолы бар – Қазақстан таяу арада экономиканы диверсификациялауды шұғыл жүзеге асыруы тиіс. Қазақстан үкіметі сыртқы факторлар мен ішкі құрылымдық кемшіліктердің жағымсыз әсерін жою мақсатында шикізатқа тәуелділіктен инновациялық секторларға ауысуға тырысуда. Бірақ талпыныстардың жүйелі кедергілері жойылмайынша, мақсаттың орындалуы екіталай.

Оның жолдарын бірнеше факторлардан көруге болады.

Біріншіден, қолайлы инвестициялық климаттың дамуы және шетелдік инвесторларды Қазақстан экономикасына белсенді тарту, ашық экономика саясатына іс жүзінде мән беру - жағдайдың өзгеруіне ықпал етері айқын. Мемлекет инфрақұрылымның жақсаруына, жоспардағы автомобиль жолдары мен теміржол құрылысына қатысты бағдарламалардың жүзеге асуындағы кедергілерге назар аударса.

Екіншіден, жүзеге асып жатқан реформалардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен банктердің тиімсіздігі – мемлекет жоспарындағы кез келген нәтиженің пайдасыз аяқталуына әкеледі. Осы тұста еліміздің мемлекеттік жобарларды жүзеге асыруындаға иммитацияға басымдық беруін атап кетсем болады. Мәселен, инфрақұрылымдық «Нұрлы жол» бағдарламасы саяси-экономикалық ахуалдың оңалуын жеңілдеткенімен, аймақтық деңгейде бәсекеге қабілетті болмай шықты.

Үшінші мүмкіндікті – мемлекеттік секторға қатып-семген сыбайлас жемқорлықты жоюдан көремін.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5001 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
17 октября родились
Михаил Ломтадзе
председатель правления АО «Kaspi.kz»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить