«Көк мұхит стратегиясы» бестселлері қазақ тіліне аударылды

14581

YPO Kazakhstan ұйымының «іскерлік әдебиетті қазақша сөйлету» жобасы аясында «Көк мұхит стратегиясы» деп аталатын әлемдік бестселлер қазақ тіліне аударылып, басылды

ФОТО: © unsplash.com

«Көк мұхит стратегиясы» туындысы дүние жүзінің 47 тіліне аударылып, 4 миллионнан аса данасы сатылған. Алғаш рет 2005 жылы жарыққа шықты. Бұл кітап Wall Street Journal, Businessweek бестселлері қатарында көш бастап тұр. Fast Company журналы ең үздік кітап деп таңдап, Франкфурт кітап жәрмеңкесінде үздік бизнес әдебиет сыйлығы берілген.

Бұл стратегиялық бизнес әдебиетін жазуға авторлар 15 жылын арнады. Негізгі ойы – жойқын бәсекелестік заманы («ала мұхит») артта қалды, оның орнына бұған дейін болмаған жаңа нарық кеңістігін құру («көк мұхит») идеясы алға шықты. Туынды бәсекелестікке жұмсайтын үлкен күшті жаңа идеяларды жүзеге асыруға бағыттауды насихаттайды. Түрлі-түрлі 30 салада қолданылған әрі сәтті жүзеге асырылған 150 стратегияны мысалға ала отырып, жетістікке жету құпиясына үңіледі, бәсекенің маңызын төмендетіп, жаңа «көк мұхиттарды» ашу, табу қағидаларын ұсынады.

Кітапты қазақ тіліне аударуға YPO Kazakhstan ұйымының мүшесі, меценат, кәсіпкер Алмаз Түлтаев демеушілік көрсетті.  

YPO Kazakhstan ұйымы бизнес саласының үздік кітаптарын қазақшалауды тұрақты түрде жалғастыра береді.

YPO Қазақстан YPO жаһандық ұйымының бөлігі. 130-дан аса елде 29 мыңнан астам мүшесі бар, құрамына компания иелері мен бірінші басшылары кіретін ұйым. YPO мүшелерін ашықтық пен сенім қағидатына құрылған тәжірибе мен пікір алмасу идеясы біріктіреді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить