IT маманы негізін қалаған жүйеге тіркелушілер саны қалай артты, оның табысы қалай белгіленеді?

Бұл туралы MacDent авторы, бағдарламашы Мақпал Ораққызы Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді

ФОТО: из личного архива

Мақпал, сіз жасаған MacDent бұлтты қызметі қалай дүниеге келді? Алдымен жоба туралы ақпарат бере кетсеңіз. 

- Біріншіден, мен IT саласының магистірімін. Осыған дейін көптеген IT жобалардың жетекшісі болдым. Осыдан бес жыл бұрын біз онкология ортылығына медициналық ақапараттық жүйені орнатқан болатынбыз. Соны жасау барысында медицина саласына осындай маңызды бағдарламалардың қажеттілігін түсіндім. Бірақ ол кезде барлық медицина саласын қамтитын бағдарлама жасап шығару меніңше қиын көрінді. Сондықтан мен стоматология саласын таңдап, осы бағытта бірәз мағлұлмат жинап, жан-жақты зерттеу жүргізіп, аталған бағдарламаны жазуға кірістік. Бағдарламаны жасау барысында 80-ге жуық тіс дәрігерімен тілдесіп, олардын жұмысында жиі кездесетін  қиыншылықтар туралы кеңінен сұрастырдым. Солармен бірлесіп бағдарламаға қажетті барлық құжаттар мен диагноздарды министрлік талаптарына сәй етіп еңгіздік. Осының бәрін ескере отырып, стоматологияның жұмысын, басқару процесін жеңілдететін MacDent бұлтты бағдарламасын жасап шығардық және ол іске қосылды.

Сіз жасап шығарған жүйе қалай жұмыс істейді? Тіс емханалары оны қалай қолданады? Тиімділігі неде?

- Макдент емханадығы барлық жұмысшыларға ыңғайлы. Мысалыға ондағы әкімшілер емделушінің ауру тарихын іздеуге уақытын жұмсамайды. Макдентте барлық ақпарат сақталады. Мысалы, қоңырау түскен кезде  біздің бағдарламада телефонмен хабарласып жатқан емделушінің картасы көрсетіледі. Барлық хабарламалар автоматты түрде ватсап арқылы емделушілерге жіберіледі. Бұл стоматологияның қызмет көрсету деңгейін арттырады. Ал дәрігерлер болса мобильді телефон арқылы өздеріне жазылған науқастар тізімін көреді, аладын ала қандай емшаралар жасау керектігін  біліп отырады. Сонымен қатар Макдент көмегімен емделушінің ауру тарихын толтыру кезінде уақыт үнемдейді. Себебі бағдарламада барлық аурулардың протоколға сай емдеу үлгілері бар (МКБ-10). Ал медбикелер болса осы бағдарлама арқылы емдеу барысында жұмсалған материалдардың есебін жүргізе алады, ал емхана басшылығы барлық процесті қашықтан басқара береді, бақылай алады. Бір айта кетері, дәрігерлердің жалақысын, емхананың айлық табысын бағдарлама өзі есептеп шығарады. Бізге қосылған емханалардын көпшілігі 2 айдан кейін өз табыстарының, яғни стоматологияның кірісі едәуір өскенін байқап отыр. Сол себепті бір жыл ішінде жаңадан филиал ашып жатыр. Осындай емханалардың бірі - «Бай-Дент». Олар басқару процесін автоматандырудың арқасында жаңадан қосымша 2 филиал ашты. Стоматология басшылары емхананы макдент арқылы қадағалап, назарларын жаңа филиалдарға аудара алады. 

 

Мақпал Ораққызы
Мақпал Ораққызы

Сіз «Астана Хаб» стартапшыларының алғашқылары болдыңыз. Сізге, сіздің жобаңызға бұл орталық қандай қолдау жасады?  

- Біз Астана хабтың 2-ші лек акселерациялық бағдарламасын өттік. Алғашқылардың бірі болу әрине керемет, себебі сол кезде оқытушылар, трекерлер шетелдерден жұмылдырылған еді. Оның ішінде Ресейдің «ФРИИ» ІТ технопаркінің трекерлері өз білімдерімен, тағылымды тәжірибелерімен бөлісті. Біздің Астана Хаб-қа алғысымыз шексіз, хабтың көмегімен аз шығын шығарып, нарықты зерттеуді, сатуды, серіктестер мен инвестор табуды үйрендік. Тегін интернет, тегін орын, ең бастысы - нетворкинг болды, осының бәрімен Астана хаб қамтамасыз етті.

Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. Қайда дүниеге келдіңіз? Қайда және қандай білім алдыңыз? Қандай мамандықты меңгердіңіз? Оның IT саласына қатысы бар ма?    

 

- Мен Шығыс Қазақстанның тумасымын, Өскемен қаласында білім алып, №44-ші мектеп-лицейді бітірдім. Мектеп қабырғасынан бастап IT саласына деген қызығушылығым ерекше болды, алгоритмизация, деректер сараптамасы, бизнес процестерді жүйелеу туралы көп ақпарат жинап, зерттегенді жақсы көрдім. Ал жоғарғы оқу орнына келсем,  Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Ақпараттық жүйелер мамандығында оқыдым. Үшінші курста оқып жүріп Елбасы грантын ұтып алдым, сонымен қатар Kazzinc ЖШС ұйымдастырған байқаудан жоғары балл жинап, жұмысқа орналасу туралы келісім-шартқа қол қойдым. Компанияда 3 жыл істедім, жұмыс  барысында IT саласы бойынша көп тәжірбие жинадым. Ал 2016 жылы тұрмысқа шығып, Нұр-Сұлтан қаласына  көштік, сол кезде менің ойыма жеке жобамен айналысу туралы идея келді. 

Неден бастадыңыз? Бастапқы қаражат қажет болды ма? Алғашқы серіктес қай кезде және қалай пайда болды?

- Жоғарыда  айтқандай барлығы сұрақ-жауаптан басталды. Алғашқы қаражатты менің жолдасым бөлді. Алғашқы және осы күнге дейінгі негізгі әрі басты серіктесім, ол менің – жолдасым екенін айта кеткім келеді. Оның аты-жөні Ерасыл Маратбекұлы, жеке кәсіпкер, газ қазандықтарын сатумен, орнатумен айналысады. Негізі мамандығы «Құрал-сайман жасаушы», ол IT саласын да жақсы түсінеді. Макдент жобасынын стратегиялық бағытын беріп, кадрмен қамтамасыз етеді. 

Сіздің жобаңызға қызығушылық танытқан инвесторлар болды ма? Болса кімдер? Нәтиже қандай?  

- Жобанын басында да және әлі күнге дейін қызығушылық танытып жатқан инвесторлар бар. Бірақ біз қазіргі уақытта өз қаражатымызбен  дамуды дұрыс деп шештік, қазіргі күнде жоба толығымен өзіне салынған шығындарын жабуда. Шетелдегі сатылым мөлшерін  арттыру үшін әр  түрлі гипотезаларды тексерудеміз, бәрі ойдағыдай болса, бізбен жұмыс істейтін инвесторлармен келіссөз жүргізуді бастаймыз.

MacDent қызметінің іске қосылғанына біраз уақыт болды. Бүгінгі нәтиже қандай? Серіктестер қаншалықты көбейді, саны қанша, олар негізінен қай жақтан?

- Макденттің нарыққа шыққанына 3 жыл болды. Үш жылдан бері бізге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан елдерінен  200-ден астам тіс емханалары қосылды. Біз күнделікті жүйені дамыту мақсатында жұмыс жүргізіп отырамыз. Жуырда мобильді қосымшаны іске қостық, енді біздің қолданушылар IP-телефонияны қоспай-ақ бірден қоңырауларды жүйеден қабылдай алады. Сонымен қатар, 2ГИС қосымшасымен интеграция жасап, тіс емханасына баруды жоспарлағандарға онлайн жазылуға арналған батырма еңгіздік. Әсіресе, қазіргі пандемия кезінде ондағы кезекте көп адамның болмағаны  өте маңызды.

Сіздің табысыңыз қаншалықты артты, кіріс неге байланысты, жалпы қызметініз қалай бағаланады

- Біз геометриялық прогрессиямен өсудеміз, жыл сайын сатылым мөлшері өсіп келеді. Тіс емханалары әрбір жыл сайын қолдану мерзімін ұзартады. Қазіргі күнде 3 тариф бар:  «Базовый», «Стандарт» және «Максимум». Бір жылдық орташа бағасы 240 мың теңге болады, тіс емханалары өздеріне қажетті модульдерді таңдау арқылы ғана тарифке қосылады. Ал түскен қаражатты жүйенін дамуына жұмсаймыз: маркетинг, жалақы, аренда, сервер және т.б.

Стоматолгиядан бөлек бұл жобаға өзге клиникалар қызығушылық танытқан екен. Олармен жұмыс жолға қойылды ма?

- Иә, қазіргі күні біздің  бағдарламаны бірнеше клиника пилоттық режимде қолдануда. Бағдарлама олардың көңілінен толық шығып отыр. Біз өз кезегімізде олардын тәжірбиелерін негізге ала отырып, бұл қызметтің клиникалар үшін де ыңғайлы болу үшін  кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Болашақта клиникаларға да осы бағдарламаны орнатамыз деген жоспарымыз бар.

IT саласында шекара жоқ. Сыртқы нарыққа шығуды ойластырдыңыздар ма? Болса қайда?

- Иә, дұрыс айтасыз! Біз  жақын арада Азия мен ТМД елдеріне шығуды бастадық. Оның ішінде  Ресей, Қырғызстан елдері бар. Әзірге біздің барлық назарымыз осы елдерге бағытталған. Кейін Сингапур, Корея сияқты шығыс елдерін бағындырамыз деген жоспар қойып отырмыз.

Бұдан бөлек қолға алған өзге жобаларыңыз бар ма? Болса бағыты қандай? Әлде тек осы жобаға күш салып жатырсыздар ма?

- Қазіргі уақытта бұдан бөлек басқа жобаларым жоқ. Соңғы 3 жылда барлық күшімді, уақытымды осы жобаға арнап келемін. Менің ойымша жобадан жақсы нәтиже күту үшін, барлық зейінді бір жобаға аудару керек. Тек сонда ғана белгілеген мақсатқа жетіп, жақсы табыс табуға болады деген ойдамын. 

Қазақстандағы IT саласының дамуын қалай бағалайсыз? Болашағы қандай?

- Қазіргі күні Қазақстанда талантты тұлғалар өте көп, оны бүкіл әлемге дәлелдеп келеміз. Сол сияқты IT саласында да мықты мамандардың қатары күнен күнге артып келеді. Мен жарқын болашаққа сенемін! Себебі «Астана хаб» IT технопаркін алсақ та, мемелекет тарапынан жасалып жатқан жобаларды қарастырсақ та, дұрыс бағытта жылжып келе жатқанымызды көремін. «Астана хаб» тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ғана емес, аймқтарда да ІТ қоғамдастықты дамыту бағытында нәтижелі жұмыс істеп жатқанын білемін.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2944 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить