Дүниежүзіндегі миллиардерлер саны екінші жыл қатарынан азайып келеді

20034

Мұның себептерінің бірі – әлем экономикасындағы тұрақсыздық және қаржы нарықтарындағы толқулар

Жалпы алғанда 2023 жылы 254 адам миллиардер мәртебесінен айрылып, Forbes рейтингінен шықты, тағы 33 адам қайтыс болды. Миллиардер мәртебесінен қалай айырылып қалуға болатыны жайлы ең қызық оқиғалармен танысуды ұсынамыз. 

Сэм Бэнкман-Фрид
Ел: АҚШ
Дәулеті: $10 млн аз ($24 млрд-тан)

Криптовундеркинд клиенттерін, инвесторларды және Forbes-ты да өзінің FTX криптоқорының криптовалюталар әлемінің болашағы екеніне сендіре білді. Cөзінің жалған екені 2022 жылдың соңында әшкере болды, енді федералдық деңгейдегі алаяқтық, ақша жымқыру мен сайлау компаниясын қаржыландырудағы бұзушылықтар бойынша айыпталды (Бэнкман-Фрид айыптаулардың ешбірін мойындаған жоқ). Сэм мен биржаның негізін қалаушылардың бірі Гарри Ван (алаяқтық бойынша айыптауларды мойындады, сонымен қатар билікпен жұмыс істеп жатыр деседі) – биыл рейтингтен шығып қалған криптовалютаға инвестициялайтын жетеудің екеуі.

Чжао Вэй Го
Ел: Қытай
Дәулеті: $100 млн аз ($2,8 млрд-тан)

Қытайда жартылай өткізгіш материалдар өндірісі саласында жүріп жатқан ауқымды тексерістер аясында қадағалау органдары мемлекет қолдайтын конгломерат Tsinghua Unigroup бұрынғы басшысын жемқорлық бойынша айыптады. Өткен жылы қоғам назарынан «жоғалып» кетті деп хабарланған Чжао банкроттық ресімдердің нәтижесінде Tsinghua Unigroup иелену үлесінсіз қалды. Чжаоның пікірін білу мүмкін болмады.

Алекс Аталла
Ел: АҚШ
Дәулеті: $600 млн аз ($2,2млрд-тан)

Алекс Аталла мен Девин Финцер құрған OpenSea маркетплейсінде саудаланған бірін-бірі алмастырмайтын токен (NFT) ақыры тұрақсыз болып шықты. Графика мен музыканы қоса алғанда бірегей цифрлық активтерге ие болу тарихын қадағалауға мүмкіндік беретін NFT – файлдар сатылымы күрт құлдырап, OpenSea құнын (2022 жылғы шілдедегі $13,3 млрд-тан $3,1 млрд-қа дейін) өзімен бірге ала кетті. OpenSea қызметкерлерінің 20%-ын жұмыстан шығаруға тура келді.

Ивон Шуинар
Ел: АҚШ
Дәулеті: $100 млн аз ($1,2 млрд-тан)

Ең бай адамдар тізімінің құрылу тәсіліне көңілі толмай жүрген, бір күні «табиғаттың бұзылуына кінәлі – бизнес» деп жазған Шуинар, қыркүйекте Forbes рейтингінен шықты. Ол табиғатта демалғанда киетін киім мен жабдықтар өндіретін компаниясын қоршаған ортаны бүзуға қарсы күресетін трасттар мен коммерциялық емес ұйымдарға берді. 1973 жылы негізін қалаған бизнесі сатылымнан түскен қаражаттың 1% түрлі экологиялық қозғалыстар мен бастамаларды қолдауға береді.

Энрике Дубуграс
Ел: Бразилия
Дәулеті: шамамен $900 млн ($1,5 млрд-тан)

Cаябырлады, бұл «жалғызмүйіздерге» ($1 млрд және одан көп бағаланатын венчурлық инвесторлар қолдайтын компаниялар) қатты соққы болды. Бір жылдай бұрын Forbes рейтингінде осындай компанияның негізін қалаушы 51 адам болған. Қазір кемінде 19 адам миллиардер мәртебесінен айрылды; олардың қатарында финтех компаниясы Brex-тіқұрушылар Энрике Дубуграс пен оның бизнес серіктесі Педро Франчески бар. Қазіргі бағалауларға сәйкес Brex $6,4 млрд деңгейінде тұр, 2022 жылдың басында $12,3 млрд бағаланған болатын.

Нираж Шах
Ел: АҚШ
Дәулеті: шамамен $600 млн ($1,6 млрд-тан)

Wayfair үйге арналған тауарлардың онлайн дүкенінде сатылған дивандар, кереуеттер мен кілемдерге сұраныстың айтарлықтай төмендегенінің нәтижесінде өткен жылы компанияның акциялары 75% жоғалтты (салыстырмалы түрде: пандемия кезінде акциялар 90% өскен). Қаңтарда бас директор және директорлар кеңесі төрағаларының бірі Шах пен компанияның негізін қалаушы екінші адам Стив Конин шығыстарды $1,4 млрд-қа қысқарту бойынша жоспардың шеңберінде қызметкерлердің 10%-ын жұмыстан шығаруға тура келетіні туралы хабарлады.

Алдынан жарылқасын

Дитрих Матешиц
78 • (1944–2022)

Австриялық Матешиц энергетикалық сусындарын Азияда саяхаттап жүрген кезінде ашқан. 1987 жылы Red Bull деп атаған меншік сусынын жасау бойынша тайваньдық кәсіпорынмен серіктестік келісім жасасады. Энергетик бүкіл әлемде танымал, экстремалды спортпен қатар аталатын халықаралық брендке айналады. Матешицтің ұлы Марк, бұрын әкесіне тиесілі болған компанияның 49%-ын ($10 млрд сатылым) мұраға алды.

Лили Сафра
87 • (1934–2022)

Дәулетінің басым бөлігін Сафра төртінші күйеуі бразилиялық банкир Эдмонд Сафрадан мұраға алды. Эдмонд Монакодағы пәтерінде медбикесі ұйымдастырған өрттің нәтижесінде 1999 қайтыс болды. Бразилияда туған, Монако азаматы Лили Сафра білім беру, ғылым мен медицина саласындағы түрлі жобаларды қолдайтын Эдмонд Сафра атындағы қорды басқаратын.

Тед Лернер
97 • (1925–2023)

1952 жылы Лернер әйелінен $250 қарызға алып, жылжымайтын мүлік агенттігін ашады. Агенттік бірнеше жылдан кейін Вашингтондағы аса ірі құрылыс салушы компанияға айналады. 2006 жылы ол Washington Nationals бейсбол командасын $450 млн-ға сатып алады. Команданың құны қазір $2 млрд, оны қазір ұлы Марк басқарады.

Фото: Ben Gabbe/Getty Images; Kim Kyung-Hoon/Reuters/Alamy; Brex; Sasha Maslov для Forbes; Drew Angerer/Getty Images; Sven Simon/Newscom; Slim Aarons/Hulton Archive/Getty Images; Stephen Voss для Forbes

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить