50 қазақстандағы ең беделді бизнесмендер

6109

Рейтинг пайда болғалы бері тізім басында бұрынғы екі көшбасшының бірі де жоқ

Қазақстандағы ең беделді бизнесмендердің алғашқы рейтингінен бастап (2011 жылдың қазанында шықты) бірінші орынды Тимур Құлыбаев немесе Болат Өтемұратов кезекпен иеленетін. Бірақ он үшінші ретте көшбасшының сары жейдесі басқасына бұйырды. Биыл тізімді Kaspi.kz негізін қалаушы және үш ең ірі акционердің бірі 54 жастағы Вячеслав Ким бастап тұр. Он үш жыл бұрын ол 15-орында болған.

Топ-50-ге жаңа бес адам қосылды. Олардың бірі – YPO Kazakhstan-ның жаңа төрағасы ретінде сайланған, «Бәйге» ұлттық федерациясын басқарған, Еркін Тәтішевтің Kusto Group бойынша серіктесі, 47 жастағы Қанат Көпбаев. Танымал бизнесмен Рашит Сәрсеновтың ұлы, 38 жастағы Эльдар Сәрсенов. Бұрын әкесіне тиесілі болған «Нұрбанктегі» және «Виктория» сақтандыру компаниясындағы мажоритарлық үлес қазір ұлына өтті. «Alto Logistics» ЖШС-ның иесінің бірі (бұрынғы «Olzha Logistics» ЖШС), «Олжа Агро» компаниялар тобының бұрынғы бас директоры, қазір парламенттегі Respublica партиясының төрағасы, VIII шақырылымдағы мәжіліс депутаты, 39 жастағы Айдарбек Қожаназаров; ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың бұрынғы іскерлік серіктесі және олардың бизнес-империясындағы көптеген құрылымдардың жетекшісі, 61 жастағы Раушан Сағдиева; «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС жетекшісі, Kazakh Agro Production иесі, жақында ғана өнер-кәсіп және құрылыс вице-министрі атанған Тимур Қарағойшиннің 40 жас-тағы ұлы Рустам Қарағойшин; Visor инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі, экономика ғылымдарының кандидаты, Ұлттық экономика министрлігіндегі қоғамдық кеңестің төрағасы 62 жастағы Алмас Чукин.

Рейтингке қайта оралғандар арасында Ғалымжан Есеновтың кейсі әсіресе қызық. Ол АзияКредит Банкін Jusan банк акциялардың орнына өзіне қосып алғаннан кейін тізімнен шығып қалған еді. 2023 жылы жұмбақ жағдайда Jusan Bank-тың миноритарлы акционерінен жалғыз иесіне айналды. Сондай-ақ «Кселл» АҚ акциясының 23%-ын және «JFood Kazakhstan» ЖШС (бұрын Жақсыбековтар отбасына тиесілі болған «Цесна-Астық Концерн» ЖШС) иеленеді. Бірақ бастапқыда тұңғыш президент қорына тиесілі болған банктің мажоритарлы үлесін сатып алған қаржы көлемі (егер ол сатып алу болса) жарияланған жоқ, қаржыландыру көзін банк те, Есенов те көрсетпеді.

Осы жағдайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйекте ірі бизнесмендермен кездесуінде сөйлеген сөзі қызық естілді, ол активтерді қайтару туралы жазда қабылданған заңға байланысты еді. «Егер бұрын иеленген капиталдың барлығы тек меншік иесінің пайдасына ғана емес, Қазақстанның гүлденуі, ұлттық экономиканың игілігі үшін жұмыс істесе, бұл қаржы көзі жайлы сұрақты ескермей қоя салуға жақсы себеп», - деген еді президент. «Бірақ мұндай компромистің терезесі кішірейе береді» дегенді қосып өтті. Forbes Kazakhstan жағдайды бақылап отырады.

Сондай-ақ топ-50 қатысушыларының өз активтерін ресейлік бизнеске және РФ мемлекеттік компанияларына қалай сатып жатқаны туралы, Қанат Көпбаевтың Kusto тобының израильдің кәсіпорындар базасында халықаралық бренд жасауға тырысып жатқаны туралы зерттеулерді оқисыз. Алмас Чукиннің Қазақстан экономикасындағы ең әлсіз нүктелерді атағанын да шолып өтіңіз.

Әдістеме

Рейтингтің лонг-тізіміне еліміздегі 80-нен астам танымал және белсенді бизнесмендер енді, олардың қоғамдық және демеушілік қызметі де ескерілді. Олардың арасынан зерттеу тобы капитал, қызметкерлер саны және 2022 жылда төлеген салық көлемі бойынша берілген ұпайдың жиынтығы бойынша 62 қатысушыны іріктеп алды. Бұл тізімді бес баллдық көрсеткішпен бизнес өкілдері (қатысушылардан басқа), бизнес-қауымдастық жетекшілері, саяси және қоғамдық тұлғалар, сарапшы және іскерлік БАҚ журналистерінен құралған сарапшылар пулы бағалады. Шорт-тізімді құрастыру кезінде сарапшылар бағалауы ең үлкен салмаққа ие болды – 60%. Қатысушылар жасы 2023 жылдың 1 қазаны бойынша көрсетілген.

Рейтинг – тек Forbes Kazakhstan журналына тиесілі журналистік жарияланым. Құжат немесе ресми ақпарат ретінде пайдалануға болмайды.

   1. Вячеслав Ким

Әртарапты бизнес | 54 жас

Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның 23,40%-ын иеленеді. «Алсеко» АҚ мажоритарлық акционері, осы компания арқылы «Астана-ЕРЦ» ЖШС иелік етеді. Сондай-ақ «ELTOP Soft» ЖШС және «Позитив Инвест» ЖШС-да үлестері бар.

Өткен жылы жазда Kaspi Лондон биржасындағы жартыжылдық есебінде Kolesa Group компаниясының 39,76%-ын және акционер Михаил Ломтадзеден уағдаластық аясында басқаруға тағы да 11%-ын алғанын хабарлады. Осы арқылы Kaspi 51% дауысқа және Kolesa Group басқаруда бақылауға ие болады. Мәміле құны – $88,5 млн (шамамен 39 млрд теңге). «Колеса» Қазақстанда екі қызметі арқылы танымал: Kolesa.kz және Krisha.kz, ал тағы бір Market.kz сервисі Kaspi экожүйесіне біріктіліп, енді «Kaspi-хабарландыру» деген атаумен танымал. Ал Өзбекстанда Kolesa.kz жергілікті аналогы Autoelon.uz сервисі деген атаумен жұмыс істейді. Сондай-ақ Kaspi бірнеше жылдан бері Әзербайжанда дәл осындай сервистерді дамытып жатыр.

Вячеслав Ким – Қазақстандық таеквондо федерациясының президенті, ҚР Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының вице-төрағасы және атқарушы комитетінің мүшесі, «Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестігінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің мүшесі, «РФММ» КеАҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Fizmat Endowment Fund ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Мейірімділік» ерікті қоғамы» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы.


   2. Болат Өтемұратов

Әртарапты бизнес | 65 жас

ForteBank» АҚ-ның 81,82%-ның иесі (екінші ірі акционер – ұлы Алидар, үлесі 7,5%). «КаР-Тел» ЖШС және «Sky Mobile» ЖШҚ-да (сәйкесінше Қазақстандағы және Қырғызстандағы «Билайн» байланыс операторлары) үлесі бар, алтын өндіруші RG Gold-тің 65%-ын иеленеді. Оған Астанадағы, Вена және Мәскеудегі Ritz-Carlton, Ақмола облысындағы Rixos Borovoe қонақ үйлері, Қазақстандағы Burger King франшизасы, Global Development девелоперлік компаниясы, Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуе-жайының үлесі, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет-порталы, «31 арна» ТРК-дегі үлесі, Video International Kazakhstan медиа жарнамалық нарығының операторындағы (50%) үлес, Нархоз университетіндегі және Астана мен Алматыдағы Haileybury мектебіндегі үлестер тиесілі.

Болат Өтемұратов қорының құрылтайшысы және қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның теннис федерациясының президенті, ҚР ҰОК атқарушы комитетінің мүшесі, Халықаралық теннис федерациясының (ITF) вице-президенті және осы спорт түрін дамыту бойынша қордың құрылтайшысы.


   3. Тимур Құлыбаев

Әртарапты бизнес | 57 жас

Бизнесменнің ең ірі активі – «АЛМЭКС» Холдинг тобы» АҚ, осы компания арқылы жұбайы Динара екеуі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның 69,52%-ын бақылап отырады, «Altyn Bank» АҚ-ның 40%-ын иеленеді. Топ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Грузияда жұмыс істейді.

Сондай-ақ Құлыбаев көппрофильді «Кипрос» ЖШС иеленеді, оған Viled және Emdeu тобындағы үлестері, «Joint Tech-nologies» ЖШС бақылауы кіреді. Соңғысының құрылымына «Қамқор Менеджмент» ЖШС, «PetroRetail» ЖШС («QazaqOil» жанар-жағармай бекетінің желісі), «Silk-wayTransit» ЖШС, «PTC Holding» ЖШС, «Petrolex Group (Петролекс Групп)» ЖШС және басқаларындағы үлестері енеді.

Кәсіпкердің Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және Дубайдағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысатын «Mercury Properties» ЖШС-де үлесі бар.

ҚР ҰОК президенті және атқарушы комитетінің төрағасы, Kazenergy қауымдастығының төрағасы, Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті, Olympism365 ХОК комиссиясының мүшесі, Азия бойынша ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының мүшесі.


   4. Владимир Ким

Металдар, қаржы | 62 жас

KAZ Minerals Ltd акционері, президенті және атқарушы емес директоры. Топ құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл және Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай ашық типтегі кен орындары, Шығыс Қазақстандағы үш жер асты кен орны және Қырғызстандағы Бозымчак алтын-мыс кен орны кіреді.

Шілдеде топ «ГДК Баимская» ЖШҚ-дан шығатынын мәлімдеді, сол арқылы Чукотка автономды округіндегі (Ресей) Баимская кен орнын иеленіп отырған еді. Сатып алушы – АХҚО-да тіркелген Trianon Limited, KAZ Minerals акционерлері Владимир Ким мен Олег Новачукке тиесілі.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Bank RBK» АҚ-да мажоритарлық үлестері бар.

«Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Телеканалды жапты

2022 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «ТАҢ» телерадиокомпаниясы» ЖШС-ны банкрот деп таныды, оның бенефициары Владимир Ким еді. Арыз «Qazaq Banki» АҚ және «AT Acquisition Corp» ЖШС-ға тиесілі «Алма Телекоммуникейшнс» АҚ (соңғы бенефициары – «Tengri Partners (Kazakhstan)» ЖШС, Мәлік Төлегенов, Данат Тұңғышбаев және Әнуар Үшбаев) атынан жолданған. Құжатқа сәйкес арыз беруші ретрансляция, құрылғыларды жалға беру, кеңсені жалға беру, құқықтық қамтамасыз ету және техникалық қолдау бойынша қызмет көрсеткен. Сондай-ақ «Алма Телекоммуникейншс» 2015–2020 жылдар аралығында телеарнаға бірнеше рет уақытша қаржылай көмек көрсетіп, қаржыны қайтару уақытын созып отырған. Бір рет қарыздың бөлігін жабу үшін телеарнаға жарнама беру туралы келісім жаслды, бірақ толығымен орындалмады. Нәтижесінде арнаның қарызы 96,47 млн теңгеге жетті. Несие берушілердің банкроттықты рәсімдеу талаптарының реестрі бойынша, 10.07.2023 жылға сай компания 1,72 млрд теңгеден астам сома бойынша талаптарды мойындаған.


   5. Тимур Турлов

Финтех | 35 жас

Freedom Holding Corp. инвестициялық тобының негізін қалаушы, мажоритарлы акционері. Компания Қазақстандағы кәсібін «Фридом Финанс» АҚ арқылы жүргізеді. «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ (бұрынғы Kassa Nova Bank), «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ және «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жалғыз қатысушысы.

Freedom Holding Corp. CEO-сы, Freedom Finance Insurance, Freedom Finance Life, Банк Фридом Финанс Қазақстан директорлар кеңесінің төрағасы, АО «Kcell» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі, Freedom QJ League жасөспірімдер футбол лигасы қамқоршылық кеңесінің төрағасы және негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің мүшесі, Iqanat білім беру жобасының қатысушысы, YPO Kazakhstan мүшесі.

Қазақстандағы сатып алуын жалғастырып жатыр Сәуірде Freedom Holding Corp. 1 млн адам және 1200 ірі компаниядан құралған қолданушылар базасы бар әуе және теміржол бижастерін брондайтын Aviata және Chocotravel сервистерін $32,3 млн-ға сатып алғанын жариялады.

Маусымда 2011 жылдан бері кәсібін жүргізіп келе жатқан Arbuz.kz онлайн-супермаркетінің 82%-ын сатып алу туралы хабарлады. Компанияның Алматы мен Астанада жеке қоймалары, курьерлік қызметі және құрастыру желісі бар, күніне 2500–3000 тапсырыс орындайды.


   6. Александр Машкевич

ТМК, қаржы | 69 жас

Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы және акционері, Патох Шодиев, Ибрагимовтар отбасы және ҚР Үкіметімен бірге иелік етеді. Бұл топқа «Қазхром» ТҰК, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, «Қазақстан Алюминий», Қазақстан электролиз зауыты және басқалары кіреді.

Шодиев және Ибрагимовтармен бірге «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ, «Еуразиялық өнеркәсіптік компания» АҚ және «Еуразиялық өндірістік компания» ЖШС-ға ие.

«Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ат спорты федерациясының құрметті президенті.


   7. Нұрлан Смағұлов

Авторетейл, машина жасу, девелопмент | 58 жас

«Астана Group» холдингінің негізін қалаушы және төрағасы, оған «Астана Моторс», MEGA СОО (MEGA Alma-Ata, Алматыдағы MEGA Park және Астанадағы MEGA Silk Way) және ұсталған жеңіл көлікер айналасындағы экожүйені дамытушы MyCar жобасы (онлайн-хабарламалар, автоорталықтар, техникалық қызмет көрсету, қаржыландыру, бонустық бағдарлама) кіреді.

Nurlan Smagulov Foundation құрылтайшысы және қамқоршылық кеңесінің мүшесі.


   8. Айдын Рақымбаев

Құрылыс | 51 жас

BI Group холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Арманжан Байтасовпен (рейтингте №24) бірге IQanat білім беру жобасының бастамашысы әрі негізін қалаушы. Берік Қаниевпен (ол да №24) бірге Quantum STEM Schools мектептер желісінің құрылтайшысының бірі, «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» және «Ана Үйі» қоғамдық қорының негізін қалаушы, YPO Kazakhstan қатысушысы.

Жаңа мектеп ашты

Жаңа оқу жылының қарсаңында Астанада Riviera International School by Quantum атты Quantum білім беру жобасының екінші мектебі ашылды, серіктестері – BI Group және Lancaster Group. 1100 оқушыға арналған мектептегі оқу 125 елде мойындалған, түлектерді әлемнің ең үздік университеттеріне түсуін қамтамасыз ететін халықаралық бағдарлама бойынша өтеді. 200-ден астам адамнан тұратын оқытушылар құрамында Қазақстан, АҚШ және Ұлыбритания мамандары бар, мектепте көптілді оқу форматы қолданылады. Дарынды балалар үшін грант жүйесі де қарастырылған.


   9. Александр Белович

Құрылыс | 68 жас

Александр Белович – Bazis-A корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, ұлы Павелмен бірге иелік етеді.

«Атамекен» ҰКП президиумының мүшесі, құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы. ҚР Су спорты түрлері федерациясының вице-президенті.


   10. Эдуард Огай

Металдар | 53 жас

Эдуард Огай «Kazakhmys Copper» АҚ-ның 30%-на иелік етеді, құрамына «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кіреді. Сондай-ақ екі баласымен бірге «Қаражыра» АҚ-ның 70%-ын бақылайды, ол дәл осындай атаудағы көмір кен орнын өңдейді.

«Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі.


   11. Шухрат Ибрагимов

ТМК, қаржы | 37 жас

ERG тобындағы Ибрагимовтар отбасының өкілі, топтағы директорлар кеңесінің құрамына кіреді. Сондай-ақ отбасына «Еуразиялық өнеркәсіп компаниясы» АҚ-ның, «Еуразиялық өндірістік компания» АҚ-ның және «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ-ның үштен бір бөлігі тиесілі. Соңғысы арқылы «Еуразиялық Банк» АҚ-да, «Еуразия сақтандыру компаниясы» және «Еуразиялық Капитал» АҚ-да үлестерге ие.

«Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Eurasian Resources Group бақылау кеңесінің мүшесі. Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival ұйымдастырушысының бірі.


   12. Олег Новачук

Металдар | 52 жас

Nova Resources B.V. арқылы KAZ Minerals Ltd-дың 36,5%-ын бақылайды. Біріншісінде директорлар кеңесінің төрағасы қызметін иеленеді.

АХҚО-да тіркелген Finaccord Limited компаниясына жалғыз өзі және осы жылдың жазында KAZ Minerals-тан Баимская кен орнын сатып алған Trianon Limited компаниясына Владимир Киммен бірге иелік етеді.


   13. Райымбек Баталов

FMCG, инвестициялар | 52 жас

Raimbek Group холдингінің иесі және директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамына Raimbek Agro, «Раимбек групп плюс», City Fair Trade ltd, Raimbek Bottlers Group компаниялары кіреді.

«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы және басқарма мүшесі, «Даму» КДҚ» АҚ тәуелсіз директоры – директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі, ҚР Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің және Ұлттық құрылтайдың мүшесі. Қазақстан атынан ШЫҰ іскерлік кеңесінің, «Қазақстан кәсіпкерлер форумы» қауымдастығы кеңесінің төрағасы.

ҚР Су асты спорты федерациясының, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстанның велосипед спорты федерациясының президенті, «Қаңтар» құқықтық қолдау орталығы» ҚҚ құрылтайшысының бірі.


   14. Ғалымжан Есенов

Қаржы | 41 жас

Jusan Technologies Ltd. иесі және директорлар кеңесінің мүшесі. Сол компания арқылы осы жылдан бастап «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның 78,73%-ын және жеке өзі 20,11%-ын иеленеді. Jusan Bank арқылы «Kceлл» АҚ-да 14,87% (және жеке 9,08%), «Қазақтелеком» АҚ-да – 9,19% үлесіне ие болып отыр. Сондай-ақ жеке өзі «Jusan Ventures» ЖШС-ны басқарады, сол арқылы «Jusan Mobile» АҚ-ны және «JFood Kazakhstan» ЖШС-ны (бұрынғы «Концерн Цесна-Астык» ЖШС) бақылап отыр.

«First Heartland Jusan Bank» АҚ-да директорлар кеңесінің төрағасы, «Almaty Triathlon Federation» ҚБ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру қорының құрылтайшысы, «Аналар үйі» жобасының қатысушысы.

Активтерін белсенді түрде ұлғайтып жатыр

Шілденің ортасында «First Heartland Securities» АҚ биржаға акционерлер құрамында өзгерістер болатынын ескертті, нәтижесінде британдық Jusan Technologies Ltd. компаниядан шықты. Ал Ғалымжан Есенов иелік үлесін көрсетусіз жаңа акционер атанды. Кейінірек кеткен акционерге тиесілі барлық үлес Есеновқа, яғни 99,74% өткені белгілі болды. Шілденің соңында компания директорлар кеңесінің құрамына енді.

Сондай-ақ шілденің соңында Есенов «Кселл» АҚ-ның акцияларының 14,87%-ын иеленді. KASE мәліметі бойынша, осыған дейін бұл үлес Pioneer Technologies S.a r.l. компаниясына тиесілі еді.

Ал тамыздың басында Jusan Bank Есенов пен Jusan Technologies Ltd арасында бітімгершілік ретттеудің аяқталғанын жариялады, оған сәйкес JTL барлық активтері ҚР юрисдикциясына қайтарылып, барлық дау тоқтатылады (олар осы жылы қыста басталған, ҚР мемлекеттік органдары Jusan тобын бақылау шетелдік азаматтарға өту фактісін тексерген еді).

Қыркүйектің ортасында компаниядағы үлестің 9,19%-ын құрайтын 983 мың қарапайым акцияларды иеленгеннен соң «Қазақтелеком» АҚ акционерлері құрамына Jusan Bank кірді.

Ал қыркүйектің үшінші декадасында Есенов «First Heartland Securities» АҚ-ның миноритарлы иелерінен қарапайым акцияларды 1 данасын 51 498 теңгеге сатып алу туралы ұсынысын жариялады.


   15. Еркін Тәтішев

Әртарапты бизнес | 47 жас

2002 жылы негізі қаланған, Канада, Қытай, Израиль, Вьетнам, Қазақстан, Украина, Грузия, Сингапур және Түркияда кәсібін жүргізіп отырған Kusto Group иесінің бірі және директорлар кеңесінің төрағасы. Негізгі бағыттары: агробизнес, мұнай және газ, жылжымайтын мүлік, құрылыс материалдары және бөлшек сауда.

Ержан Тәтішев атындағы қоғамдық қордың құрылтайшысының бірі, «Қазақстан кендо және иайдо федерациясы» қоғамдық ұйымы құрылтайшысының бірі және жетекшісі, AlmaU қамқоршылық кеңесінің мүшесі, High Tech Academy мектебінің негізін қалаушының бірі, «Мейірімділік» ерікті қоғамы» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі.


   16. Дінмұхамед Ыдырысов

Әртарапты бизнес | 58 жас

Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейтін «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС басқарады. Сондай-ақ иелігінде Ordabasy Group бар. «Үшқұю» АҚ, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, «Kundybai Mining» АҚ, «Керегетас» тау-кен компаниясы» ЖШС-да үлестері бар.

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы.


   17. Бақытбек Байсейітов

Банктар, инвестиция, мұнай сервисі | 65 жас

«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның 48,47%-ын иеленеді.

Сондай-ақ «Orient Invest Group» АҚ, «Green Invest Group» АҚ, «Petrogaz AG» ЖШС, «International Jet Tour» ЖШС иелік етеді және «Қазақстан Банктері» журналының бір бөлігі тиесілі.

«Банк ЦентрКредит» АҚ және «BCC Invest» АҚ директорлар кеңесінің төра-ғасы, ҚР Банктер қауымдастығының президенті, Еуроазиялық ынтымақтастықтың қаржы-банк қауымдастығының (ЕАЫ ҚБҚ) іскерлік кеңесінің төрағасы.


   18. Данияр Әбілғазин

Әртарапты бизнес | 53 жас

Данияр Әбілғазиннің отбасы «Sinooil» ЖШС-да (SinoOil жанармай құю бекеттер желісі), «PetroRetail» ЖШС-да (QazaqOil жанармай құю бекеттер желісі) және «Mercury Service Company» ЖШС-да үлестерге иелік етеді. Соңғысы арқылы «Petroleum» ЖШС-ны, «Dostyk Gas Terminal» ЖШС-ны, «Standart Petroleum & Co» ЖШС-ны басқаруға қатысады.

Сондай-ақ ADD Invest Properties компаниясы арқылы ерлі-зайыпты Құлыбаевтармен бірге Keruen city Astana СОСО-ны, Keruen СОСО-ны, Talan Towers СОСО-ны және Астанадағы «Тұран 18» БО-ны, Атыраудағы Baizaar mall СОСО және Keruen city Aktobe СОСО-ны басқарады.

Әбілғазиндер «Аяла» қайырымдылық қорының құрылтайшылары. Данияр Әбілғазин – ҚР ҰОК-ның жалпы сұрақтар жөніндегі атқарушы комитетінің және ҚР Су спорты түрлері федерациясының вице-президенті, ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті, Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы, «Almaty Triathlon Federation» ҚБ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Fizmat Endowment Fund» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі.


   19. Айдан Кәрібжанов

Инвестиция, энергетика | 51 жас

«Visor Kazakhstan» ЖШС мажоритарлық иесі.

Сондай-ақ «Aua Energy» ЖШС-да, «Greencity KZ» ЖШС-да, «Northern Wind Kazakhstan» ЖШС-да, «Aspan Energo» ЖШС-да және жел электрстанциялары арқылы электр қуатын өндіретін «Sarma Energy» ЖШС-да үлестері бар.

Haileybury Almaty мектебі акционерлерінің бірі, «Аспандау» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Сутегі энергетикасы қауымдастығы құрылтайшыларының бірі


   20. Кеңес Рақышев

Әртарапты бизнес | 44 жас

«Fincraft Group» ЖШС иесі, сол арқылы «Fincraft Resources» АҚ-ның (бұрынғы SAT & Company) 78,39%-ын иеленеді. Оның құрамына «SAT Nickel» ЖШС және «SAT Petrochemicals» ЖШС кіреді. «Ертіс» ферроникель комбинаты» ЖШС және «Орталық Азиялық инвестициялық консалтинг компаниясы» ЖШС-да үлестері бар.

Fincraft Group президенті, «Fincraft Resources» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Қазақстан бокс федерациясының президенті, Дзюдо федерациясының құрметті президенті, Қазақстан шахмат федерациясының қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің құрылтайшысы және «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушысының бірі.


   21. Александр Клебанов

Әртарапты бизнес | 60 жас

Кәсіпкерге «ОАЭК» АҚ-ның 47,10%-ы тиесілі, оның құрамына «Павлодарэнерго» АҚ, «Севказэнерго» АҚ, тиісті аймақтардарғы электр және жылу қуатын өндіру, жіберу, тарату және жүзеге асырумен айналысатын «Акмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ кіреді.

Оның ұлы Яков Клебанов әкесінің серіктесі Сергей Канмен бірге «Circle Maritime Invest» АҚ-ның 50%-ын иеленеді, сондай-ақ «Aksa Group» ЖШС, «Prime Business» ЖШС, «Solis ltd.» ЖШС, «Теңіз Star» ЖШС, «Global Advisers» ЖШС, «Legacy» ЖШС, «Astana Aviation Services ЖШС-да үлестері бар. Өткен жылдың желтоқсанында ресейлік миллиардер Василий Анимисов екеуі иелік ететін уран өндіретін Степногорск тау-металлургиялық комбинаты «Росатомға» шамамен $1,3 млрд-қа сатылды.

«ОАОЭК» АҚ және «ОАЭК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.


   22. Алмас Сұлтанғазин

Ретейл | 59 жас

Sulpak және Alser сауда желілерінде мажоритарлық үлесті иеленеді. Телекоммуникациялық және ІТ-құрылғылар дистрибуциясымен айналысатын «ST Networks» ЖШС-да үлесі бар. Сондай-ақ Warner Bros., Universal және Paramount Pictures халықаралық компаниялардың Қазақстандағы өкілі саналатын «Sulpak Cinema» ЖШС және «Hero Study KZ» ЖШС-да үлесі бар.


   23. Серікжан Сейітжанов

Әртарапты бизнес | 74 жас

Сейітжановтар отбасы «Оңтүстік» ҚСӨК арқылы «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының 51%-на, Smart-Oil бұрғылау компаниясына, «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС құрылыс компаниясына, «Стандарт Цемент» зауытына, «КАС-бетон» ЖШС-ға, «Ақ-жол ТрансСервис» ЖШС-ға және «Стандарт Ресурсис» ЖШС-ға иелік етеді. Сондай-ақ отбасына Rixos Khadisha Shymkent, Rixos Turkestan қонақ үйлер желісі, Satti Zhol жанармай құю бекеттері, Шымкенттегі Оңтүстік-Қазақстан медициналық академиясы және Инновациялық-технологиялық колледж тиесілі.

Кәсіпкер «Оңтүстік» ҚСӨК және «Саутс-Ойл» президенті.


   24. Арманжан Байтасов

Медиа, телеком, девелопмент | 53 жас

Tan Media Group және United Media Group-та үлесі бар, олардың құрамына MuzzOne телеарнасы, «Бизнес-FM» радиостанциясы, Businessfm.kz сайты, Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia журналдары, Arbat.Media компаниясы және басқалар кіреді. Қазақстан Медиа Альянсының құрылтайшыларының бірі.

YouTube-та Baitassov Live жеке авторлық жобасын жүргізеді.

Tan Media Group ДК төрағасы, ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Болат Өтемұратов қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan қатысушысы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ директорлар кеңесінің мүшесі, IQanat білім беру жобасының негізін қалаушының бірі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Азия дауысы» ХФ бас продюсері.


   24. Берик Қаниев

Әртарапты бизнес | 53 жас

«Ер Сай Каспиан Контрактор» мұнай-сервистік компаниясы, «Жандиг-С» құрылыс ЖШС, тау-кен Tin One Mining (бұрынғы «Сырымбет» АҚ), Zhaltyrbulak, «Васильевское» тау-кен металлургиялық компаниясы» ЖШС және фармацевтикалық Abdi Ibrahim Global Pharm (түркиялық Abdi Ibrahim-мен бірге) кіретін Lancaster Group акционері және директорлар кеңесінің төрағасы.

«РФММ» КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы және қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Fizmat Endowment Fund қоғамдық қорының құрылтайшысының бірі, «Арлан» футбол клубының құрылтайшысы және басқарма төрағасы, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер футболы республикалық лигасының президенті, Қазақстан футбол федерациясының Балалар мен жасөспірімдер футбол комитетінің төрағасы, Quantum STEM School мектебінің құрылтайшысының бірі, Airvision.kz қоғамдық қорының негізін қалаушы, YPO Kazakhstan мүшесі, IQanat білім беру жобасының қатысушысы, қоғамдық «Нұрлан Қаппаров қорының» құрылтайшысы.

«Ана үйі» қайырымдылық қорының қамқоршысы, Гарвардтағы Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі жанындағы «Нұрлан Қаппаров қорының түлектерге арналған шәкіртақысы» қорының негізін қалаушылардың бірі, «Атамекен» ҰКП президиумының мүшесі. 2023 жылдың сәуірінде Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланды.

«Ер Сай Каспиан Контрактордың» италиялық үлесін сатып алды

Осы жылдың шілде айында Lancaster Group Kazakhstan италиялық Saipem компаниясынан «Ер Сай Каспиан Контрактор» компаниясының 50% үлесін сатып алды және қазір компанияның 100%-на иелік етеді. Lancaster Group компаниясының ақпаратынша, Saipem компаниясымен келісімдер негізінде ынтымақтастық жалғасуда.

«Ер Сай Каспиан Контрактор» 2003 жылдың қарашасында бірлескен қазақстандық-италиялық кәсіпорын ретінде құрылды, оның құрылтайшылары «ERC Holding» ЖШС (Lancaster Group) және Saipem International B.V. (ENI Group Company) болды. Ол Каспий аймағындағы мұнай өндіруші компанияларға мердігерлік және қосалқы мердігерлік қызметтерді көрсетумен айналысады, теңізде және жағалау маңындағы аймақта құрылыс жұмыстарын, инженерлік жобалау жұмыстарын жүргізеді, болат құрастыру және логистикалық қызметтерді көрсетеді.


   26. Андрей Лаврентьев

Авторетейл, машина жасу | 44 жас

«Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және акционері, оның құрамына «Агромашхолдинг» ЖШС және «СарыаркаАвтоПром» ЖШС кіреді. Топ Қазақстан аумағындағы Chevrolet, Kia, JAC және LADA автобрендтерінің ресми өндірушісі, дистрибьютері және серіктесі. Астана және Алматыда сегіз жеке дилерлік орталығы бар. «Агромашхолдинг KZ» АҚ 65%-на иелік етеді.

Арманжан Байтасовпен бірге «Бизнес-FM» радиостанциясының құрылтайшысы.

Қостанай облысындағы Триатлон федерациясының президенті, «Ана үйі» жобасының қатысушысы, YPO Kazakhstan қатысушысы, IQanat білім беру жобасының қатысушысы.


   27. Эдуард Ким

Ретейл | 58 жас

Қазақстан мен Қырғызстандағы Technodom желісімен ұсынылған «Technodom Оperator» АҚ негізін қалаушы және иесі.

«Компания Фаэтон» ЖШС, «Технодом Сервис» ЖШС және «Технофитнесс» ЖШС-да үлестері бар.

Airba экожүйесіндегі компаниялар иесінің бірі, оның құрамына маркетплейс, жеткізілімі бар онлайн-супермаркет, эквайринг қызметі және қаржылық өнім кіреді.

ҚР Сауда желілері одағының тең құрылтайшысы, «Ана үйі» қайырымдылық жобасының қатысушысы, «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» ҚҚ тең құрылтайшысы.


   28. Қанат Көпбаев

Әртарапты бизнес | 47 жас

Kusto Group PTE Ltd басқарушы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі. Ол Kusto Group-тың құрылыс сегментін басқарады, оның құрамына Tambour израильдік лак-бояу зауыты және Вьетнамдағы Coteccons Construction құрылыс компаниясы кіреді.

Қазақстанда бұл топтың иелігінде «Kazpetrol Group oil» ЖШС, «Компас» жанармай құю бекеттер желісі, «Kusto Home» ЖШС, Семейдегі «Semey Tannery» ЖШС былғары-тері комбинаты, Павлодардағы «KazCenosphere’s» ЖШС зауыты және Wendy’s франшизасы бар.

High Tech академиясының тең құрылтайшысы, YPO Kazakhstan төрағасы, «Бәйге» Федерациясы» РҚБ президенті, IQanat білім беру жобасының қатысушысы.


   29. Сайдолла Қожабаев

Машина жасу | 64 жас

Құрамына «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС, «Электромонтаж» АҚ, «ПромЭнерго» жобалау институты және Шымкент қаласындағы жоғары кернеудегі трансформатор құрылғысын өндіретін Asia Trafo зауыты кіретін Alageum Group компаниясының мажоритарлық иесі.

Alageum Group бақылау кеңесінің төрағасы.


   30. Елдар Әбдіразақов

Сақтандыру, қаржы | 50 жас

Құрамына «Коммеск-Өмір», «Сентрас Коммеск Life», «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниялары, сондай-ақ «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Сентрас Капитал» ЖШС және «Сентрас Венчурлық қор» АҚ қаржы компаниялары кіретін Centras Group холдингіне иелік етеді.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE), «Air Аstаnа» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Kazakhstan Growth Forum негізін қалаушы, Professionalize Kazakhstan жастарға арналған білім беру жобасының бастамашысы.


   31. Қайрат Итемгенов

Әртарапты бизнес | 52 жас

Кәсіпкер Europharma және ArzanPharm брендтерімен танымал дәріханалар желісін басқаратын «Aqniet Group» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы және мажоритарлық акционері.

Сондай-ақ ол «KBI Energy» ЖШС, «Satti Logistics» ЖШС, Greenhouse-Qaztomat жылыжай кешені, Мәскеудегі Mövenpick және Pana қонақ үйлері мен Алматыдағы Novotel Living және Ibis Style брендтерімен жұмыс істейтін қонақ үй кешенінің иесі.


   32. Эльдар Сәрсенов

Қаржы | 38 жас

2021 жылдың қыркүйегінде ол әкесі Рашит Сәрсеновтың орнына «Нұрбанк» АҚ 87,87%-на иелік ететін «JP Finance Group» ЖШС-нің жалғыз иесі атанды. Ол сонымен қатар «Виктория» сақтандыру компаниясының мажоритарлық үлесіне иелік ете бастады.

Отбасымен бірге мұнай-газ ұңғымаларында геофизикалық және ату-жару жұмыстарымен, сондай-ақ мұнай кәсіпорны жабдықтарын жөндеумен айналысатын мұнай сервисі «Techno Trading Ltd» ЖШС-да үлесі бар.

«Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan қатысушысы, IQanat білім беру жобасының қатысушысы.

ТТӨК иесі болды

Осы жылдың шілде айында Эльдар Сәрсенов «Текелі тау-кен өңдеу кешені» (ТТӨК) жалғыз иесі болды. Кәсіпкер 2022 жылдың желтоқсан айында компанияның құрылтайшылары қатарында алғаш Гүлмира Қойбағаровамен бірге пайда болды (осы жылдар бойы ол «Нұрбанк», «Алтынекс» компаниясының акцияларына иелік еткен – соңғы акционерлерге өту кезеңінде).

ТТӨК – Алматы облысы Текелі қаласында құю және шойын өндірумен айналысатын қала құраушы кәсіпорын. Ол 2006 жылы «Қазмырыш» АҚ құрамында құрылған. Компанияның мәліметінше, қазіргі таңда ТТӨК базасында жылына 400 мың тонна шо-йын өндіретін жаңа домна пеші өндірісі орналасқан. 2022 жылдың қорытындысы бойынша компания 1,4 млрд теңгеден астам салық төледі. Кәсіпорын құрамына тұрғын емес үйлердің құрылысымен айналысатын «Алтын Сарай» ЖШС де кіреді.


   33. Марғұлан Сейсембай

Инвестиция | 56 жас

Asadel Partners PEF Pte Ltd. басқарушы серіктесі, сол арқылы «Алель Агро» АҚ, «Tamos Education» ЖШС және басқа компанияларда үлестерге ие. Seimar Investment Group басқарушы компаниясының және «Алмалы Жұмақ» қоғамдық қорының құрылтайшысының бірі.

Haileybury Almaty мектебінің акционерлерінің бірі. Білім беретін авторлық бизнес-курстар мен бизнес-клубтың иесі. YouTube-те жеке арнасын жүргізеді.


   34. Қайрат Мәжібаев

FMCG | 55 жас

Кәсіпкер Ресей мен Қырғызстанда еншілес компаниялары бар «RG Brands» АҚ-ның 98,05%-на иелік етеді.

RG Brands директорлар кеңесінің төрағасы. «Атамекен» ҰКП президиумы сауда комитетінің төрағасы, Respublika Foundation қайырымдылық қорының төрағасы және құрылтайшысының бірі, Қазақстан гольф федерациясының құрылтайшысының бірі.


   35. Бахаридин Әбләзімов

Мұнай және газ | 54 жас

Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі «ҚазАзот» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, оның мажоритарлық үлесін иеленеді (тікелей және «Kazakhstan Petrochemicals» ЖШС арқылы).

Сондай-ақ кәсіпкерге «Матен Петролеум» АҚ-да 3,3%, «Үшқұю» АҚ-да (бұрынғы «Аңсаған Петролеум» ЖШС-да) 30%, «Триас-МұнайГаз» ЖШС, «КосМұнайГаз» ЖШС, «KazAeroSpace» ЖШС, «Sunrise Development» үлестері тиесілі.

«Матен Петролеумдегі» үлесін азайтты

2022 жылдағы «Матен Петролеум» АҚ-ның аудиттік есеп қорытындысы бойынша Бахаридин Әбләзімовтың компаниядағы үлесі 5-тен 3,3%-ға азайған.

Өткен жылдың қазан айының ортасында компанияның негізгі иесі, 95% үлеске ие қытай-нидерланд Sino-Science Netherland Energy Group компаниясы басқа акционердің акцияларын бір данаға 7 699 теңгеден сатып алуды ұсынды. Шамамен осы уақытта кәсіпкердің үлесінің бір бөлігі сатылды. Әбләзімов 1,7%-ды 10,5 млрд теңгеге (сол кезеңдегі орташа бағам бойынша $22,2 млн астам) сата алады. Бұл бағалау бойынша, «Матен Петролеум» АҚ-ның жалпы құны $1,3 млрд асады.

Еске салайық, 2014 жылы кәсіпкер мен оның серіктестері Sino-Science Netherland Energy Group-тың 95% үлесін $380 млн-ға сатқан болатын. Оған дейін акциялардың 52%-на ие болған Дінмұхамед Ыдырысов (рейтингте №16) мажоритар акционер болды. Миноритарлық акционерлер тиісінше 30 және 18% үлесімен Әбләзімов (өзінде 5%-ын қалдырды) және Ержан Достыбаев болды.


   36. Серік Толықпаев

Құс шаруашылығы | 52 жас

Айтас KZ компаниялар тобының мажоритар акционері. Оның құрамына «Kus&Vkus» және «AMП» брендтерімен өндірілетін құс етін өндіру және өңдеу, тарату саласындағы 15-тен астам кәсіпорын, сондай-ақ 32 мың га жері бар өсімдік шаруашылығы кәсіпорындары кіреді.

«Ауыл аумағын тұрақты дамыту» қорының негізін қалаушы.


   37. Фаррух Махмудов

Әртарапты бизнес | 47 жас

Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы. Топтың портфелінде Қазақстан Республикасының 12 қаласында 11 автомобиль брендін ұсынатын 33 автоорталығы бар Orbis Auto дилерлік желісі бар. Сонымен қатар, топқа мұнай сервисі «Ақсайгазсервис» АҚ, «Автодом» ЖШС (автокөліктердің операциялық лизингі саласындағы қызметтері), Orbis Agro (дәнді дақылдар мен жылыжай шаруашылықтары трейдингі), Orbis Development, Orbis Manufacturing кіреді.

Алматыда EXEED жаңа зауытын салады

Осы жылдың мамыр айында Orbis Manufacturing (Orbis Kazakhstan еншілес кәсіпорны) EXEED International компаниясымен Қазақстанда автокөліктер шығару туралы келісімге қол қойды. Бұл ҚР президентінің ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында Сиань қаласында өткен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелі барысында болды.

Өндірістік қуаты жылына 80 мың автомобиль шығаратын зауыт кешенін салу жобасы бұрын Астанада жоспарланған, автомобиль жасау кластерін құру мақсатында басқа өндірушілермен бірге Алматыға көшірілді. Зауыт қаланың индустриялық аймағында салынады. Құрылыстың кейінге шегерілуіне байланысты іске қосу мерзімі 2025 жылдың соңына қалды. Жалпы инвестиция көлемі 72 млрд теңгені құрайды. Зауыт кешенінің ашылуы бастапқы кезеңде 1500 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде қазақстандық кәсіпорын EXEED автокөліктердің үш моделін шығарады, кейіннен брендтің модельдерінің желісін кеңейтеді. Атап айтқанда, толық өлшемді VX жол таңдамайтын көлігінің, TXL орта өлшемді кроссоверінің және LX ықшам кроссоверінің шанағын дәнекерлеу және бояумен толық цикл технологиясы (CKD) бойынша өндіріс іске қосылады.

Өндірілген автокөліктерді сату Қазақстанда EXEED дилерлік желісін дамытатын Orbis Auto арқылы жоспарлануда.


   38. Ерлік Балфанбаев

Құрылыс саласы | 59 жас

Құрамында AlinEX, Alina Paint, Nashi, Norma, Decorex, G-EX брендтері, DomSad үй және бақша тауарларының электронды гипермаркеті және Doctor Green қазақстандық экологиялық таза тұрмыстық химия бренді кіретін «Алина» компаниялар тобының негізін қалаушы.

Сондай-ақ кәсіпкер Алматы маңындағы «Ой-Қарағай» барлық маусымдық демалыс орнының иесі.


   39. Иван Сауэр

АӨК | 65 жас

«Агрофирма «Родина» ЖШС иесі және бас директоры.

Сондай-ақ «Астана-Нан» ЖШС, «Тастақ» ЖШС, «АФ-Отан» ЖШС-ға иелік етеді.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ қоғамдық кеңесінің және «Қазақстан халқына» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі.


   40. Айдарбек Қожаназаров

АӨК | 39 жас

«Alto Logistics» ЖШС (бұрынғы «Olzha Logistics» ЖШС) ортақ иесі және ағасы Әлішер Қожаназаров ортақ иесі болып табылатын «Олжа Агро» компаниялар тобының бұрынғы бас директоры.

«Атамекен» ҰКП президиумының мүшесі және Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы. Respublica партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Қостанай облысының джиу-джитсу федерациясы мен грэпплинг күресі федерациясының (UWW) президенті, «Көкпар» федерациясының құрметті президенті.


   41. Бауыржан Оспанов

Әртарапты бизнес | 55 жас

Кәсіпкер «TSC Service» ЖШС мен «Көксу Гидро» ЖШС-ге жалғыз өзі иелік етеді. «Алматы облысының әуесқой және кәсіпқой бокс федерациясы» ҚБ тең құрылтайшысы.


   42. Ораз Жандосов

Консалтинг, энергетика | 61 жас

«Rakurs Consulting Group» ЖШС және «Eneverse KunKuat» ЖШС (Алматы маңындағы күн электр станциясы) ортақ иесі.

«Лизинг Групп» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Golden Compass Capital» АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі, «Атамекен» ҰКП президиумының және ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының консультативтік кеңесінің мүшесі, Қазақстан экономистері қауымдастығының төрағасы. «Аспандау» қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі.


   43. Александр Дериглазов

Дистрибуция, ретейл | 54 жас

Meloman/Marwin сауда желісінің, «Комфорт» үйге арналған тауарлар гипермаркеттер желісінің және «Первое казахстанское музыкальное издательство» ЖШС-нің иесі.


   44. Владимир Денисов

Әуе тасымалы | 63 жас

Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайын және өңірлік рейстерді орындайтын «South Sky» АҚ бақылайтын «SCAT Airlines» АҚ-ның мажоритарлық акционері және президенті. Компания сонымен қатар Египеттен шыққан Red Sea Airlines әуе компаниясының 40%-на иелік етеді.

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің мүшесі.

Scat паркін жаңартып, египеттік әуе компаниясын сатып алды

Қаржылық есеп беру депозитариінің мәліметінше, «Scat Airlines» АҚ 2023 жылы 14 Boeing ұшағын сатып алған. Оның тоғызы сатып алынса, қалған бесеуі лизингке рәсімделген. Жарияланған мәліметке сәйкес, компания 737 MAX сериясынан 737-8 моделін таңдайды – оның 12-сі сатып алынды.

Scat өзінің әуе флотын белсенді түрде толықтыруда: бұған дейін 2021 жылы сегіз ұшақ, 2022 жылы тағы алты ұшақ сатып алынған. Бәрін қосқанда үш жыл ішінде компания 28 әуе кемесін сатып алды. Ұшақтардың құны айтарлықтай әртүрлі. Мысалы, компанияның қаржылық есебінде компанияның 2023 жылдың наурыз айында Next-Generation 737 сериясынан бір Boeing 737-800 ұшағын 7,88 млрд теңгеге (ҚР ҰБ сол айдағы орташа бағамы бойынша шамамен $17,5 млн) сатып алғаны көрсетілген. Бұл ретте төрт 737-8 әуе кемесі үшін 12 жыл ішінде лизингтік төлемдердің есептік сомасы $385,18 млн (бір бірлік үшін $96,3 млн) құрайды.

Сонымен қатар, 2022 жылдың қыркүйегінде Scat Red Sea Airlines (Египет Араб Республикасы) акцияларының 40%-ын 383,3 млн теңгеге (шамамен $806 мың) сатып алды. Компания 2021 жылы тіркелген, бірақ пайдалану сертификатын алғаннан кейін 2022 жылдың соңында рейстерді орындай бастады. Сондай-ақ Scat Шымкент әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын жалғастыруда.


   45. Рустам Қарағойшин

АӨК | 40 жас

«Қазақстан астық консорциумы» ЖШС басшысы, «Үштөбе ет» ЖШС иесі, «QZQ Development» ЖШС, «KTK Group» ЖШС және Kazakh Agro Production жеке компаниясының тең иесі.


   46. Марат Сәрсенов

Транспорт | 56 жас

Жылжымалы құрамы 10 мың вагоннан тұратын «Исткомтранс» ЖШС ең ірі жеке теміржол операторының акцияларының мажоритарлық үлесіне ие.

Сондай-ақ «Будан» ЖШС (дәндік және бұршақ дақылдарын өсіру), «Продресурс» ЖШС және «Тоболтранс» ЖШС (көлік-экспедиторлық қызметтер) акцияларының ірі үлесіне ие.

Көлік-логистикалық орталық салынды

Осы жылдың маусым айында «Исткомтранс» ЖШС Алматы облысындағы ауданы 51,2 гектарды құрайтын жаңа «Жетіген» көлік-логистикалық орталығының тұсаукесерін өткізді, оның 20 гектары игерілген. Темір жолдардың ұзындығы 13 км асады, оның 6 км салынып қойылған.

КЛО бір мезгілде сақтау сыйымдылығы 8 000 ДФЭ-ден (жүк көліктерінің сыйымдылығын өлшеуге арналған жиырма фут шартты бірлік) асады. Ол жылына 500 мың тоннадан астам сусымалы жүктерді ауыстырып тиеуге арналған терминалмен жабдықталған. Тиеу-түсіру фронты бір уақытта 80 вагон болады.

КЛО құрылысына «Исткомтранс» ЖШС-нің жеке қаражатынан жер телімін сатып алуды есептемегенде 3 млрд теңге инвестицияланды. Құрылыстың тағы үш кезеңіне $100 млн жуық қосымша инвестиция салу жоспарлануда.


   47. Раушан Сағдиева

Әртарапты бизнес | 61 жас

Құлыбаевтардың бұрынғы серіктесі Раушан Сағдиева «Vector Enterprise» ЖШС мен «FCI Management LLP» ЖШС-не иелік етеді, ол арқылы «Kristall Management» АҚ 9,5%-ын және «Шұбаркөл Премиум» АҚ 16,5%-ын бақылайды.

Сондай-ақ оның «АИФН Car City» АҚ-нда – 15%, «Joint Technologies» ЖШС-да, «Arbat Retail» ЖШС-да жеке үлестері бар.


   48. Марат Баққұлов

Машина жасау | 50 жас

Қазақстан мен Татарстанда (Ресей) өнеркәсіптік желдеткіштерді шығаратын «АЖЗ» ЖШС (Алматы желдеткіш зауыты) иесі.

«АЖЗ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Атамекен» ҰКП президиумының мүшесі, Өңдеу өнеркәсібі одағының басқарма төрағасы.


   49. Алмас Құдайберген

Мұнай сервисі | 44 жас

Құрамында Қазақстан, Ресей, Түркия және Грузиядағы ірі мұнай жобаларында жұмыс істейтін мұнай сервистік «CHI Electric» ЖШС (Теңгаз, Қашаған, Қарашығанақ жобалары бойынша мердігер), «Centrasia Heavy Industries» ЖШС, «Centrasia Trade» ЖШС, «ILT Center» ЖШС 80%-ы, «Centech» ЖШС өндірістік зауыты кіретін Centrasia Group құрылтайшысы және басқарма төрағасы.

Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының тең құрылтайшысы және президиум мүшесі, «Болашақ» президенттік стипендиясының түлектері қауымдастығының басқарма төрағасы, «Болашақ» қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің, ҚР Үкіметі жанындағы технология саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, YPO Kazakhstan мүшесі.


   50. Алмас Чукин

Инвестиция | 62 жас

Visor инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі. Ол сондай-ақ «3 Element» ЖШС иелік етеді. Экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР Үкіметінің ұлттық экономика министрлігінің қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Орталық Азиядағы Америка университетінің (Бішкек) қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Фотографтар: Андрей Лунин, Владимир Шаповалов, Никита Басов, Павел Михеев, Вадим Соловьёв, Резеда Небогова, Жанарбек Аманкулов, Иван Беседин, Максим Золотухин және баспасөз қызметтерінің мұрағаты.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить