Елімізде мейрамханалардың қызметі қымбаттай түсті
Бұл жайында қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы тұтыну бағаларына шолу жасаған Ranking.kz мәлім етіп отыр

Сарапшылардың дерегінше, 2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметі бір айда 2,7%-ға, ал бір жылда 23,4%-ға қымбаттаған.
Аталған нарық сегментіндегі бағаның өсуін, әсіресе, Жетісу облысының тұрғындары қатты сезінген – бағаның шарықтауы мұнда 13,9%-ды құраған. Сол сияқты, Шымкент қаласында қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметі 9,9%-ға, Алматы облысында – 7,3%-ға қымбаттаған.

Баспагер Раиса Қадыр: Қазақстанда әйел кәсіпкерлерге менсінбей қарайтындар әлі күнге дейін көп
Steppe and World баспа үйінің басшысы Раиса Сайран Қадыр арнайы Forbes.kz ү... →
Жылдық динамикада алғанда да бағаның шарықтап өсуі Жетісу облысында тіркелген – бір жылда бірден 44,7%-ға. Шымкент қаласы бойынша 40,3%-ға, Астанада – 38,5%-ға.
Баға өсе қоймаған өңір деп Павлодар облысын айтуға болады, мұнда қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметі бір жылда 6,2%-ға қымбаттаған.
Ranking.kz мәліметінше, аталған сектор ішінде отандық асханалар қызметінің бағасы бір жылда 26,6%-ға өскен. Фаст-фуд ұйымдарының қызметі 17,1%-ға, мейрамхана, кафе және осы типтес мекемелердің қызметі 20,6%-ға қымбаттаған. Оның ішінде отандық мейрамханаларда түскі ас бағасы 19%-ға, асханаларда – 26,6%-ға өскен.
Сарапашы қауымның мәліметінше, өткен жылдың қараша айындағы деректерге сәйкес, мейрамхана, кафе қызметтерінің бағасы бір жылда шарықтап өскен өңір Жетісу облысы болса (өсім көрсеткіші 44,4%), ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында байқалған (өсім 5,2%).
Сондай-ақ, фаст-фуд ұйымдары қызметінің мейлінше қымбаттауы Атырау облысында тіркелген (38%-ға), ал ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысына тән (4,5% ғана).
Қазақстанның подкаст нарығы: Бізде сапалы контент үшін күрес жүріп жатыр
Подкаст саласы Қазақстанда біртіндеп дамып, тыңдарман қатары күн санап арты... →
Асханалар қызметі бойынша бағаның барынша өсуі Жетісу облысында (52%-ға) байқалса, баға өсе қоймаған өңір – Павлодар облысы (өсім 7%) деп танылған.
Өз зерттеуінде Ranking.kz, сондай-ақ: «2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жалға беру құны бір жылда 5%-ға көтерілді» деп көрсетеді. Сарапшылардың дерегінше, бұл тұрғыда, мысалға, Маңғыстау облысында баға бірден 27,2%-ға, Қарағанды облысында – 20,3%-ға, Шымкент қаласында – 8,4%-ға өскен.
«Мейрамханаларды жалға беру бір жылда 8,9%-ға, асханалар бойынша – 0,9%-ға, кафелерді жалға беру құны 3,4%-ға қымбаттады», - деп мәлімдейді өз зерттеуінде Ranking.kz сарапшылары.