2019 жылы қандай жаңа рейстер ашылады, бюджеттік әуе компания қай кезден бастап қызмет көрсетеді

Қандай әуе компаниялардың қызметі тоқтатылды, оның себебі неде?

Фото: архив пресс-службы

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтып береді.

F: 2018 жылы  бюджеттік   әуе компания өз қызметін бастамақ. Алғашқы бағыт қашан іске қосылады? Онда қызмет ететін мамандар жасақталды ма?

- Fly Arystan авиакомпаниясының алғашқы рейстері 2019 жылғы көктеміне, мамыр айына жоспарланып отыр. Алғашқы бағыттар Алматы – Астана,

Алматы – Кокшетау, Алматы – Павлодар, Алматы – Атырау болып табылады. Қазіргі уақытта Fly Arystan авиакомпаниясы онда қызмет ететін мамандарды жұмысқа алуды жүргізіп отыр.

F: Билет құны қандай болмақ және жолаушылар үшін қаншалықты тиімді болмақ?

- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес авиакомпания билеттік құнын сұранысқа сәйкес өз қарауы бойынша белгілейді. Қазіргі уақыттағы билеттердің құнымен салыстыратын болсақ, Fly Arystan авиакомпаниясының билеттері екі есе арзанырақ болады деп күтілуде.

F: Компания тағы қандай өңірлерді қамтиды? Қандай ұшақ түрлері қолданылады?  Әуе паркі жаңара ма, әлде қолданыстағы ұшақтар ма?

- Авиакомпания жоспар бойынша 2019 жылы жоғарыдағы рейстермен бірге Алматы- Караганда (2019 жылғы 1 тамыздан бастап), Алматы - Костанай (2019 жылғы 1 тамыздан бастап), Алматы - Тараз (2019 жылғы 1 тамыздан бастап) қалаларын қамтитын болады. Рейстер 180 орынды А320 типті ұшақтармен орындалатын болады, олардың жалпы саны 2022 жылға дейін 15-ке жеткізу көзделінген.  Компанияның алғашқы 4 ұшағы «Эйр Астананың» ұшақтар флотынан алынатын болады, қалғандарды өндіруші-зауыттардан тапсырыс беріп алу жоспарланып отыр.

F: 2018 жылы Қазақстан бойынша және халықаралық бағыттар бойынша қанша рейс ашылды. Бұл жолаушылар тасымалына  қалай әсер етті?

- Ағымдағы жылы Қазақстан бойынша 14 жаңа халықаралық бағыт ашылды, оның 9 бағыты Астана қаласына ашылды. Ішкі бағыттарды айтатын болсақ, 2012 жылы ішкі әуе тасымалдары нарығында барлық шектеулер алып тасталды (толығымын ырықтандырылған), яғни тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар әрбір қазақстандық авиакомпания сұранысқа сәйкес кез келген ішкі бағытта тұрақты рейстерді орындауға құқығы бар. Осы өзгерістер әуе тасымалдары нарығында бәсекелестіктің дамуына жағдайлар туғызды.

F: Бұған дейін Қазақстанда  бірқатар әуе компанияларының лицензиясы тоқтатылған болатын. Олардың нақты саны қанша, негізгі себептері қандай?

- Сертификациялық талаптарды бұзғаны үшін «Азия Континенталь Авиалайнс» компаниясының авиациялық жұмыстарды орындауға берілген куәліктің қызметі және 17 ұшақты пайдалану рұқсаты тоқталды. Өткен жылғы Алматы облысындағы ЯК-12 ұшағы апатының ресми тергеу жұмыстарының қорытындысының негізінде  22 тамыз күні «Независимая авиакомпания «КАЗАВИА» ЖШС-нің  авиациялық жұмыстарды орындауға берілген куәлікті Азаматтық авиация комитеті кері қайтарып алды. 

F: Астанада енгізілген «ашық аспан» қағидаты әуе қатынасына қалай әсер етті?

- Қазіргі уақытта ашылып жатқан жаңа халықаралық бағыттар көбінесе Елорданы шет мемлекеттермен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, 2017 жылы президент 2020 жылға дейін транзиттік жолаушылар санын 4 есеге көбейту бойынша тапсырма берген еді. Яғни 2020 жылы – 1,6 млн жолаушы тасымалдауымыз қажет. Бұл көрсеткішке келсек, 2017 жыл – 620 мың,  биылғы 9 айда 700 мың транзиттік жолаушы тасымалданды (52 % өсім). Бұған қоса, Қытай және Үндістан азаматтары үшін Алматы және Астана қалаларына қазақстандық авиакомпаниямен ұшып келсе, 72-сағаттық визасыз режим берілді.

F: Алдағы  жылы тағы қандай жаңа рейстер ашылады? Астана-Нью-Йорк Бағыты жоспарлы ма?

- Келесі жылы қазақстандық авиакомпаниялар бірқатар бағыттар бойынша тұрақты рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Олар Астана – Прага, Астана – Хайкоу, Астана – Улан-Батор, Алматы – Анталия. Сұрағыңыздың АҚШ-қа қатысты бөлігіне келсек, «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2023 жылы Боинг 787 (Dreamliner) типті ұшағын алғаннан кейін, тікелей Астана – Нью-Йорк бағыты бойынша тұрақты рейстерді ашу межеленген.

F: Жуырда парламентте авиациядағы қауіпсіздікті күшейті туралы  конвенция мақұлданды. Бұл құжаттың ерекшелігі неде?

- Әуе кемелерінде жасалған қылмыстар мен кейбір басқа актілер туралы конвенция және оған түзетулер енгізу туралы хаттама әуе кемесінің бортында ұшу кезінде қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресуге бағытталған, бұл жолаушылардың тәртіпсіз және агрессивті мінез-құлқын құрайды. Бұл әрекеттер үшін қауіпсіздікке қаупі туындаған жағдайда, экипаж мүшелері пластикалық қыстырғыштар, арнайы манжеттер және басқа да шектеу құралдар қолдана отырып, шектеу шараларын қолдана алады. Егер тәртіпсіз жолаушыны тыныштандыру мүмкін болмаса, әуе кемесінің командирі жолаушыны құзыретті билік орындарына тапсыруға және түсіру үшін жақын аралық әуежайда жоспардан тыс отырғызуды жүзеге асыруға құқылы.

F: Қазақстан әуежайларыдағы  реконструкциялау қалай жүріп жатыр? Аймақтардағы инфрақұрылым қаншалықты өзгерді?

-Қазіргі уақытта республикада 20 әуежай қызмет етеді. Оның ішінде 12 мемлекеттік, 8 әуежай «Airport Management Group» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген, 6 әуежай жеке меншікте, 2 әуежай – концессияда. Бұл ретте жыл сайынғы жолаушыларға қызмет көрсету өсімі шамамен 10% құрайды. Мемлекеттік бағдарламаға сай 2010-2018 жылдар аралығында Қызылорда, Көкшетау, Ақтау қалаларындағы әуежайларда ұшу-қону жолақтарына реконструкция жасалды. Талдықорған, Орал қаласындағы ұшу-қону жолағында реконструкция аяқталды, Тараз қаласындағы әуежайдың аэровокзалына реконструкция жүргізді, Петропавл әуежайы мен аэровокзал кешенін және ұшу-қону жолағын реконструкциялау аяқталды. Астана әуежайында жаңа жолаушылар терминалы падалануға берілгенін білесіздер. Оның жалпы көлемі 47 мың кв метрді құрайды, өткізу мүмкіндігі – жылына 8,2 млн жолаушы немесе 2525 жол/сағ. Алматы әуежайында меншік иесінің  қаражаты есебінен бір ұшу-қону жолағының реконструкциясы аяқталды (ИКАО IIIВ санатына дейін көтеру). Оны пайдалануға берген соң ұшу/қону саны сағатына 13–тен 24 ұшаққа дейін артты. Қазірг Семей әуежайы мен аэровокзал кешенін және ұшу-қону жолағын реконструкциялау аяқталды. Қайта жаңартудан кейін ұшу-қону жолағы ИКАО-ның I санаты бойынша шектеусіз әуе кемелерінің қазіргі заманғы түрлерін қабылдауға мүмкіндік береді.

F: Алдағы уақытта қандай әуежайлар қамтылады?

-Ағымдағы жылы Қостанай әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және аэровокзалын қайта жаңарту бойынша жұмыстар басталды. Аяқтау мерзімі 2019 жылға жоспарланған. Жобаның жалпы құны-8 млрд. теңге. 2020 жылдың аяғына дейін Өскемен қаласындағы әуежайдың ҰҚЖ реконструкция жасау жоспарланған. Қызылорда қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысын ГЧП механизмі арқылы жүргізу мақсатында әуежай Қызылорда облысы әкімдігінің меншігіне берілді. Қазіргі уақытта ЕБРР банкімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Шымкентте жаңа әуежайдың құрылысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен «СКАТ» АҚ арасында меморандумға қол қойылды. Қала басшылығы инженерлік жүйеге реконструкция жүргізеді, жол салады және жаңа терминалға вокзал жанындағы алаңды салып береді, әуе компания аэровокзал кешенін реконструкциялауды қаржыландыруға дайын екенін хабарлады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
9646 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
12 декабря родились
Мухтар Кул-Мухаммед
депутат сената парламента РК
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить