Әлемдегі және Қазақстандағы Лизинг: индустрия ерекшелігі

9354

Қазіргі заманғы лизингтік индустрия 1952 жылы Сан-Францискода танымал бола бастаған. "United States Leasing Corporation" компаниясының негізін қалаушы Генри Шофельдтің арқасында жарыққа шықты

Фото: архив пресс-службы

Бизнесмен басында бұл бизнесте тек бір ғана лизингтік операцияны жүргізуге ниет білдірген.  Алайда, кейін бұның табысты екенін түсінгенде жалғастыруға шешім қабылдаған.

Лизингті аграрлық өндірістің техникалық базасын жаңартудың бірден-бір көзі десе болады. Ол бүкіл әлемде өте жылдам қолданысқа ене бастады. Францияда алғашқы лизингтік компания 1957 жылы пайда болды. Оның негізгі бағыты өнеркәсіптік құрал-жабдықтардың лизингі болатын. Англияда мұндай құрылым 1960 жыл, Германияда - 1962, Италияда 1963 жылы ашылды. Азия аумағында лизинг тек 1960-шы жылдардың басында дами бастады.

Қазақстанда қазірдің өзінде лизингтік индустрияның дамуына серпін бере бастады. Лизинг экономиканың аграрлық секторына инвестициялардың нысаны ретінде саланың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, елдің ауыл шаруашылығы саласындағынегізгі қорларды жаңғыртуға ықпал етеді.

Агроөнеркәсіп кешенін лизингтік қаржыландыру шаруаларды шығынсыз жаңартуға мүмкіндік береді. Жұмыстың маусымдылығына байланысты фермерлердің төлем қабілеттілігі де қиындайды. Ал, лизинг жүйесі техниканы төлеуге қаражатты тиімді бөлуге жол береді.

Республика аумағында жиырма жыл бойы" ҚазАгроҚаржы " АҚ еліміздің лизингтік нарығындағы ұлттық көшбасшы болып табылады. Компанияның негізгі мақсаты сапалы және бәсекелі қаржылық қызмет көрсету арқылы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңартуға жәрдемдесу болып отыр.

Аграршылар несиелеудің осы түрінің мүмкіндіктерін жоғары бағалап отыр. Себебі, лизингке сатып алынған құралды  алғашқы төлемді жүзеге асырғаннан кейін бірден пайдалануға болады. Лизинг жүйесінің шарттары жалгерлікке ұқсас. Алайда "ҚазАгроҚаржы" ұсынған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингі оны кейіннен сатып алуға мүмкіндік береді.

Айтпақшы, компания талаптары бойынша фермер өзінің нақты жұмыс қажеттілігіне сәйкес келмейтін жабдықты сатып ала алмайды. Сондықтан қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол жоқ.

Техниканы лизингке алу кредитке қарағанда оңайырақ. Бұл лизинг алушыға қойылатын талаптар қатаң емес. Мысалы, "ҚазАгроҚаржы"қосымша кепілмен қамтамасыз етуді талап етпейді. Лизинг нысанасы Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде лизинг берушінің меншігінде қалады.

Республиканың барлық лизингтік операцияларының басым бөлігі тиесілі "ҚазАгроҚаржы" АҚ-нан басқа, қазақстандық нарықта онға жуық ірі ұйымдар бар. Олардың бірі "Leasing Group", "Raiffeisen Leasing Kazakhstan" және "ҚДБ Лизинг"компаниялары. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сондай-ақ мұнай өңдеу өнеркәсібі лизингтік құрылымдар үшін басым салалар болып табылады. Өз басым көпшілігінде лизинг берушілер шағын және орта бизнеспен жұмыс істеуге бағытталған

Осы мәселе бойынша мамандандырылған компанияға жүгінген кезде тұтынушы өзін жеткізушілерді таңдау және жабдықтың өзін сатып алу қажеттілігінен босататынын атап өткен жөн. Лизинг берушінің серіктестер туралы сенімді ақпараты бар. Әрі  ынтымақтастықтың лайықты нұсқаларын ұсынады.

Көптеген ұйымдар үшін лизинг қаржыландырудың басым нысанына айналып отыр. Лизингтің әлемдік экономиканың дамуына қосқан үлесі салмақты. Әзірше мұндай қаржы құрылымдары ақша қаражатына қол жеткізе алады.

Дамыған елдерде компаниялардың 60 пайыздан астамы лизинг бар.  сондай-ақ лизинг қолдану кең етек ала бастады.

 Әлемдік тәжірибеде операциялық, қаржылық, қайтармалы, бөлек және тікелей лизинг кездеседі. Лизингтің бұл түрлер аса сұранысқа ие. Алайда, олардың екеуі ғана, яғни  операциялық және қаржылық лизинг базалық деп саналады.

Қазіргі уақытта әлемдегі бір компанияға келетін лизингтік операциялардың орташа көлемі шамамен 60 млн долларды құрайды. Лизингтік қызметті реттеу құралы кеңінен қолданылатын елдерде бұл көлемдер әлдеқайда жоғары.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ-на келетін болсақ, 2000 жылдан бастап 2018 жылға дейін компания 43 мыңнан астам техника лизингке берді. Елдің агроөнеркәсіп кешені нарығындағы үлесі 90%  құрайды. Ұйымның қызметін мемлекет қолдайды.

 Мысалы, жабдықты әкелу кезінде кедендік баж салығын төлеуден босатылған. Ал компанияның аумағы кең. Оның Қазақстан бойынша  14 филиалы бар.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить