Қор нарығы: басты драйвер «Қазатомөнеркәсіп» және банктер

Қор нарығының былтырғы көрсеткіштеріне шолу жасаған Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) осындай тұжырым жасап отыр

ФОТО: Қазатомөнеркәсіп

2021 жылы KASE және AIXQI индекстерінің өсуіне ықпал еткен негізгі қозғаушы күштер – банктер мен «Қазатомөнеркәсіптің» бағалы қағаздары.

ҚҚҚ ұсынған талдауға сай, көрсетілген кезең барысындағы негізгі тенденциялар төмендегідей:

  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы бөлшек инвесторлар базасы (KASE+AIX) 142, 4 мың шотқа өскен (2020 ж. қорытындысы бойынша +55, 2 мың).

  • Еліміздегі инвестициялық шоттардың жалпы саны 377 мыңнан асқан, олардың 42%-ы немесе 159 мыңы AIX (AIX CSD) бағалы қағаздарының Орталық депозитарийіне тиесілі.

  • Әйтсе де, жұмыспен қамтылған халық санына шаққанда, бөлшек инвесторлардың үлесі аса жоғары емес, салыстырмалы түрде алғанда 4,3% шамасында (былтырғы көрсеткіш 2,7%). Айта кету керек, өз экожүйелерін белсенді түрде дамытуға мән берген банктердің клиенттік базалары үшін бағалы қағаздарға инвестиция салу мүмкіндігі жеке инвесторлардың қатарын ұлғайтуға дем беруі ықтимал.

  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша KASE индексі 37%-ға өскен (2020 ж. көрсеткіш 13%), өз кезегінде, бұған банк секторы мен «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының өсуі септік еткен.

  • 2021 жылдың шілдесінде іске қосылғалы AIXQI индексінің 10%-ға өсуіне қаржы секторы мен тау-кен және телекоммуникация салаларының эмитенттері септік еткен.

  • «Көгілдір фишкалар» құнының жоғары өсімі корпоративтік табыс мен дивидендтік төлемдердің, түрлі корпоративтік және рейтингтік оқиғалардың, тауар және шикізат нарықтарындағы қолайлы бағалардың ұлғаюы аясында орын алған.

  • Алайда, қаңтардың басындағы қайғылы оқиғалар мен геосаяси тәуекелдердің өсуі, сондай-ақ Федералды резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемесі агрессивті түрде көтеріледі деген пайымдар жергілікті инвесторлардың ұстанымына кері әсер етуде. Жыл басынан бері KASE индексі 4,1% жоғалтса, AIXQI 14,5%-ға төмендеген.

  • Инвесторлар өз капиталын дамушы елдерден жаһандық деңгейде шығарып алып, carry trade мәмілелері жабылып жатқан тұста шетелдік инвесторлар теңгелік позициялардан шығуға ұмтылауда. ҚР Ұлттық банк ноталарындағы резидент емес тұлғалардың үлесі 2021 жылғы қарашадағы ең жоғары мәндерден 9,8%-ға дейін төмендеген (қарашағы көрсеткіш 16,2%), сол сияқты, олардың ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) жалпы ауқымындағы үлесі 3,9%-ға дейін (5,6%) төмендеп кеткен.

  • Мұндай жағдайда дамыған елдермен арадағы пайыздық мөлшерлемелер дифференциалын ұлғайту – теңге түріндегі активтерге деген сұранысқа қолдау болуы мүмкін. Бірақ депозиттер бойынша мөлшерлеменің одан әрі артуына орай, бұл шара клиенттік базаның өсуін баяулатып жіберуі де ықтимал.

ҚҚҚ түйіні

Депозиттердің төмендейтін нақты табыстылығы азаматтардың жинақтарын көбейту және қосымша табыс көзін қалыптастыру үшін қор нарығының неғұрлым тәуекелді құралдарына қызығушылығын ынталандырады. Бұған өсіп келе жатқан нарықтағы қазақстандық эмитенттер акцияларының раллиі де ықпал етеді. Осылайша, биыл жергілікті нарықтағы жаңа инвесторлардың біразы инвестициялық оң тәжірибе ала алды.

Оң үрдістер өтімділіктің өсуінде де байқалады. Мысалы, акциялар нарығындағы сауда-саттық ауқымы есепті кезеңде 30-ға (KASE+AIX) өсті. Нарықтағы өтімділіктің өсуі қарыз және үлестік капиталды тарту бойынша экономика субъектілерінің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында салымдар көлемі бойынша тарихи рекордтар жаңартылып, ҚР МБҚ-дағы шетел капиталының ағыны тоқтатылды. Бұған елдегі жоғары инфляциялық процестер және нақты табыстылықтың төмендеуі, сондай-ақ дамыған елдердегі монетарлық жағдайлардың қатаңдану ықтималдығы әсер етуі мүмкін.

Мұндай жағдайда монетарлық шарттарды қатайтып, инфляциялық процестерді нысаналы дәліздерге қайтару тұрғысындағы мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы шетелдік инвесторлар үшін теңгелік активтердің тартымдылығын қайта қолдауы мүмкін.

Нарық ішінде бөлшек инвесторлардың саны арта түскенін ескере отырып, реттеуші – лицензияланбаған қызметке тыйым салудан бастап, инвестициялық кеңес беру бойынша қызмет көрсету тәртібі мен брокерлердің жауапкершілігін қатаңдату сынды өзге де бірқатар түзетулерді қоса алғанда, нарықтағы жауапсыз ойыншыларға қарсы шараларды әрі қарай күшейте береді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
15934 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить