Сарапшылар: Бір жылдан кейін АҚШ доллары 466 теңгені алқымдайды

14369

Ұлттық валютаның бір жылдан кейінгі бағамына қатысты отандық сарапшылардың болжам пікірін соңғы 12 айдағы ең оптимистік деп сипаттауға болады

ФОТО: Depositphotos/amixstudio

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы қаржы нарығындағы кәсіби ойыншылар арасында 2023 жылдың тамыз айындағы бірқатар көрсеткіштерге қатысты жүргізілген сауалнама нәтижесін жария етті.

Зерттеу барысында банктердің, сақтандыру және брокерлік ұйымдардың өкілдері мен сараптамалық және қазынашылық бөлімшелер қызметкерлерінің Brent маркасындағы мұнайдың бағасы, АҚШ долларының қазақ теңгесі мен ресейлік рубльге қатысты бағамдары, инфляция, ЖІӨ көрсеткіштері мен Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі туралы болжам пікірілері есепке алынған.

Түйін

Тамыз айындағы салық кезеңі қарсаңында, әдеттегідей, нарық ішінде шетел валютасына қатысты ұсыныс өсіп, Ұлттық қордан елеулі ауқымда шетелдік валюта сатыла бастаған кезде (соңғы 7 айда 550 млн доллардан астам валюта сатылған) сарапшы қауымның ұлттық валюта бағамына қатысты пайым, болжамдары да жақсара түскен.

Сауалнамаға қатысқан кәсіби ойыншылар өз болжамдарында: 2023 жылдың қыркүйек айының басында USD/KZT бағамы бойынша 1 доллар 447,4 теңгені, ал бір жылдан кейін – 1 доллар 466,1 теңгені құрайды деп көрсетеді (бұған дейінгі болжам – 1 доллар үшін, сәйкесінше, 454,4 және 474,2 теңге болатын). Айта кету керек, теңге бағамына қатысты бұл пайым соңғы 12 айдағы ең оптимистік болжам болып табылады.

Ай сайынғы инфляция үш ай қатарынан қалыпты деңгейде өсіп (0,5–0,6), былтырғы жоғары базаға байланысты жылдық тұтынушылық баға индексінің күрт құлдырауы (ақпандағы 21,3%-дан, тамыздың басында 14%-ға дейін) базалық мөлшерлемені төмендетуге жағдай жасауда.

Ал базалық мөлшерлеме бойынша тамыз айында қабылданатын шешім туралы сарапшылар пікірі екіге бөлінді: 56%-ы мөлшерлеме 16,25%-ға дейін төмендейді деп күтсе, 44%-ы – жылына 16,75% деңгейінде қалады деп отыр.

Сондай-ақ, бір жылдан кейін базалық мөлшерлеме ағымдағы 16,75% деңгейінен 13,5%-ға дейін төмендеуі (−325 б.н.) мүмкін деп болжайды сарапшылар. Олардың пайымынша, бұл кезде инфляция 11,8%-ға дейін баяулауы ықтимал. Байқауымызша, соңғы 12 айда тұтынушылық баға индексінің 4–5% шамасындағы мақсатты дәлізге оралуы өзекті емес секілді.

Мұнайдың бір жылдан кейінгі бағасы туралы сарапшылардың оң пікірі өзгерген жоқ: «қара алтын» бағасы бір баррель үшін 81,9 доллар деңгейінде қалады, дейді олар. Бұл арадағы жағымды фактор ретінде, сарапшылар, ОПЕК+ елдерінің мұнайдың әлемдік бағасын қолдау мақсатындағы шиікізат жеткізуді қысқарту жөніндегі ұсынысы мен АҚШ экономикасындағы рецессия қаупінің әлсіреуін (АҚШ экономикасында инфляция қысымы тұрақты негізде төмендеп келеді) мысал етеді.

Осының аясында жалпы ішкі өнімнің өсу көрсеткіші бойынша сарапшы қауымның болжамы (алдағы 12 айға қатысты) біршама жақсара түскен: +3,9; ал өткен айда 3,8% болатын. Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ел экономикасы 5%-ға дейін қарқындап өскені байқалды.

Сарапшылардың айтуынша, Ресей рублі АҚШ долларына шаққандағы шығынның бір бөлігін қайтарып (ағымдағы бағам 95,6 рубль), бір жылдан кейін 1 долларға  93,0 рубль деңгейінде тұрақтайды.

ҚҚҚ талдау орталығы

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube