Бәрі бар дүкен: Amazon елімізде жұмыс істемей-ақ, Қазақстанда қалай тамыр жайды?

24122

Компания 30 жылға жетер-жетпес уақыт ішінде қарапайым кітап сатушы дүкеннен кино өндіру мен бұлтты деректер қоймаларын жеткізуші жолын жүріп өтті. Оның капитализациясы $1 трлн-нан асады

ФОТО: Depositphotos.com

«Евразия» СК басқарма төрағасы бірінші орынбасары Самат Қабдолов электронды сауда пионері Amazon-ның негізі қалай қаланғаны және бизнес құны туралы айтып берді.

Көпшілігімізге Amazon сонау 1994 жылы кітап сататын интернет-дүкен ретінде Джефф Безос іске қосқан әлемдегі алып маркетплейстердің бірі ретінде таныс. Amazon-дағы сатушылардың барлығы тауарды Қазақстанға жеткізбейтініне қарамастан, өткен жылы компания біздің жерлестерімізге 1,8 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Байқағанымыздай, қазақстандықтар Amazon-да тек кітап сатып алмайды.

ФОТО: Depositphotos.com

Қайда қарасаң да Джефф

Компанияның негізгі табыс көзі цифрлы және физикалық әр түрлі контент: кітап, музыка, фильм, ойын, программалық жабдықтау арқылы түседі. Қаржылай есеп деректеріне сүйенсек, 2022 жылы компания тасымалдаушылардың барлық түрінде $220 млрд-қа контент сатқан, ал маркетплейс арқылы сатудан $117,7 млрд комиссия түскен. Amazon-ның табыс көзі бойынша $80 млрд болатын бұлтты деректер қоймасы Amazon Web Services (AWS) үшінші орында тұр.

Amazon орасан зор интернет-трафигімен үлкен жарнама алаңы болып табылады. Тауарларының жарнамасы үшін сатушылар, кітап шығарушылар, авторлар, сондай-ақ жарнама берушілер маркетплейске төлейді. Өткен жылы жарнама арқылы $37,7 млрд табыс тапқан. Amazon Prime Video (APV) сервисіне ақылы жазылу компанияға тағы $35,2 млрд әкелген.

2017 жылы Amazon органикалық азық-түлік сататын Whole Foods дүкендер желісін жұтып қойды. Қазір желіге АҚШ-тың өзінде 500-ден астам дүкен тиесілі. Сонымен қатар Amazon өз-өзіне қызмет көрсетуге арналған Amazon Go үй жанындағы дүкендерді іске қосты: кел, тауар ал, система автоматты түрде есептеп картаңыздан шешіп алады. Әзірге Нью-Йорк, Чикаго, Сиэтл және Лос-Анжелесте 22 дүкен жұмыс істейді. Кәдімгі дүкендерден түске пайда $18,9 млрд құрайды.

Біз «Евразия» сақтандыру компаниясында 2019 жылы алғаш рет компанияның активтерін қайта сақтандыру бағдарламасына қатысқалы бері Amazon-ның даму жолын қадағалап келеміз. Amazon-ның жекеменшігіне кіретін жыжымайтын мүліктің жалпы сомасы $200 млрд-тан асады. Компанияның көптеген қоймаларындағы жабдықтар мен тауарлар тағы $120 млрд тұрады. Жалпы сақтандыру сомасы $450 млрд-дан асып кетеді.

Жеткізіп беруші бизнес

Маркетплейс Amazon-ның жалпы табыс көзінің 23%-ын құрайды. Сатушылар тек сайт үшін емес, логистикалық инфрақұрылым үшін де комиссия төлейді. Amazon 63 елде жүздеген миллиард доллар тұратын тауарларды сатуға, сақтауға, сорттауға және жеткізуге арналған әсерлі инфрақұрылым құрастырған. Бизнестің негізгі түбірі, әлбетте АҚШ-та – әлемдегі ең үлкен және ең бай тұтынушылар нарығында орналасқан.

Amazon-ның логистикалық бизнесі 5 мыңға жуық жылжымайтын мүлік объектілерінен тұрады, оның ішінде 44 қойма кешені, 147 сұраптау орталығы, төрт әуе терминалы, сондай-ақ, көптеген жеткізуші станциялары, қоймалар және электромобилдерді қуаттаушы станциялары бар. Одан бөлек, Amazon-ның Boeing 767 модельді 95 тікұшақтан тұратын жеке жүк тасымалдаушы әуе компаниясы бар.

Компанияның 45 офисі, 262 деректер орталығы және жеке киностудиясы бар. 

ФОТО: Depositphotos.com

Виртуалды қойма

Егер Meta жеке қажеттіліктері үшін деректер орталығы желісін жасап жатса, Amazon ІТ саласындағы қарапайым әзірлеушіден алып корпорацияларға дейінгі сұранысты жабуға шешім қабылдады. 

AWS нарыққа жазылу моделі бойынша виртуалды серверлер мен деректер қоймаларын және басқа да көптеген ілеспе IT қызметтерін ұсынады. AWS шешімін Allianz, Aon, Barclays, BMW Group, Coinbase, Meta, Moderna, Nasdaq, Robinhood, Samsung, Snapchat, Stripe, Sony, Thomson Reuters және т.с.с үлкен корпорациялар қолданады. Маңыздысы, Amazon құрастырған IT-инфрақұрылымда дүниежүзі бойынша және қазақстандық мыңдаған жаңа «жалғыз мүйіз» (бір млрд долларға бағаланатын стартап) пайда болуына әсер етіп жатыр.

Бір сөзбен айтқанда, Amazon тонналап тауар мен деректерді сақтайтын әлем бойынша физикалық, сондай-ақ, виртуалды қоймаларды құрастырды.

Арыстан Леоның жаңа қожайыны

Көрермен үшін таласта әр стримингті сервис эксклюзивті контент жасап шығару үшін жеке кино өндірісін қолға алды. Amazon Studios индустрияның айтарлықтай ауқымды бюджетіне ие. «Сақиналар иесі» сериалының бірінші маусымын шығаруға және авторлық құқыққа компания $465 млн құртты.

Стриминг-платформалардың әрқайсысы жеке қорларын кеңейтуді көздейді, сондықтан фильмдер мен сериалдардың авторлық құқықтары үшін нағыз соғыс болып тұрады. Amazon Голливудтің ескі студиялардың бірі Metro-Goldwyn-Mayer (MGM) сатып алды. Студия 1924 жылы құрылып, ХХ ғасырдың ортасына дейін Голливудта ғана емес, бүкіл әлемде алпауыт кино өндіруші болған. 2022 жылдың наурызында құны $8,45 млрд-қа бағаланды.

MGM-ге Голливудтің классикалық кинолары, оның ішінде «Мына ақылсыз, ақылсыз, ақылсыз әлем», «Бен Гур», «Батыс қалай жаулап алынды», «Оз елінің сиқыршысы», «2001 жылдың Ғарыш одиссеясы» секілді фильмдер бар. Сонымен қатар, «Хоббит», «Рокки», «Қозылардың үнсіздігі», «Жаңбыр адамы», «Терминатор» фильмдері және «Қызметшінің әңгімелері» мен «Викингтер» сериалдарын атап өту керек.

MGM каталогында 4 мың фильм және 17 мың түрлі телешоу бар. Бұл жай ғана қорды толықтыру емес, сонымен қатар танымал франшизалардың арқасында жаңа контент шығару: жалғасын түсіру, приквелдер, спин-оффтар немесе серияларды қайта түсіру.

Лео – MGM-нің барлық фильмдерінің басында көрсетілетін белгілі үзінді. Демек, жақында Лео көрермендер үшін Amazon-мен байланысты болады.

Безостың патшалығында бәрі ойдағыдай емес

2022 жылы компания Forbes Global 2000 жеке алпауыт компаниялар тізімінде алтыншы орын алды, ал 2023 жылы бірден 36-орынға құлдырады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Rivian автокөлік өндірушісінің салымы нарықтағы капиталицаияда IPO түбіне сырғып барады. Amazon-ның инвестициялық шығыны өткен жылы $12,7 млрд құрады, компания акциялардың 20%-ын басқарады. Сәтсіз инвестициядан кейін Amazon-ның операциялық пайдасы 2021 жылмен салыстырғанда $12,2 млрд-қа дейін түсіп кетті.

ФОТО: Depositphotos.com

Айтпақшы, Rivian Amazon үшін EDV электрофургондарының топтамасын ойлап шығарды. Amazon 100 мың EDV-қа тапсырыс берді. Көліктер 2024 жылы жеткізілуі керек болатын, алайда мерзім бұзылып, компаниялар келісімшарттың талаптарын өзгерту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Amazon жұмыс беруші ретінде де жақсы атты емес. Компанияда әлем бойынша 1,5 млн-нан астам қызметкер істейді. Олар, әсіресе қоймалар мен сұрыптау орталығында істейтіндер еңбек шарты мен жалақы көлеміне жиі шағымданады. Amazon-ның талаптары қатаң, компания кәсіподақ бірлестіктерін қолдамайды, ал қызметкерлерді жиі жаппай жұмыстан босатады.

Amazon-ның нарықтағы капитализациясы пандемияның шақыртау шегінде $1,85 трлн-нан асты, бірақ $1 трлн-нан төмен түскен сәттері де болды. Компанияның құны қалыпқа келтірілді және қазір $1,3 трлн деңгейінде тұр. Ия, Amazon-ның шешілмеген мәселе көп, бірақ олардың шешімін табуға болады – Rivian-ға құйған инвестиция есептен шығарылды, HR-саясатта жағымды өзгерістер бар.

Джефф Безос – жан-жақты адам, және Amazon оның жалғыз туындысы емес. Безостың қызығушылықтары ғарыш - Blue Origin, биотехнологиялар - Altos Labs, медиабизнес - Washington Post және Bezos Expeditions қоры арқылы 40-қа жуық жобаларды қамтиды. Дегенмен, Amazon миллиардердің негізгі туындысы болып табылады және көптеген жылдар солай болып қала береді. Байқағанымыздай, компания контент шығару мен таратуды дамытуды көздеп отыр. Бұл дегеніміз стриминг-индустрияға ғана емес, Голливудпен теке тіресуге дайын деген сөз.

P.S. Материал Amazon-нан тапсырыс берілген «Risky Business: Why Insurance Markets Fail and What to Do About It» кітабын күту барысында жазылған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить