Үміт артқан «Жаңа Қазақстан» қайда?

23081
Автор: Дидар Смағұлов
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

Мемлекеттік басқаруда Қазақстандағы жемқорлықпен күрес-тен басқа маңызды мәселені табу мүмкін емес шығар

Тәуелсіздік алғалы бері бұл тақырып әрдайым түрлі саяси күштердің ұрандарында аталып келеді. Тіпті еліміздің азаматтарын да осы мәселемен ғана сабырға шақырып, тыныштандыруға болатындай. Жылдар бойы ресурстарымызды жеп тауысып, даму перспективасына кедергі келтіру бойынша жемқорлықтан асқан зұлымдық та жоқ тәрізді.

Бұл жерде мәселе тек табиғи ресурстарға ғана қатысты емес. Еліміз 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылдаған ТМД аумағындағы бірінші мемлекет болғаны да содан шығар. Ал 2015 жылы аталған нормативті-құқықтық акт қазіргі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңмен алмастырылды.

Бұл қарсыласпен толық жеңіс-ке жеткенше дейін күресу мүмкін емес екенін түсінген заң шығарушы (бірде-бір ел бұл құбылысты соңына дейін жоя алған емес) тактиканы өзгертіп, жемқорлық қылмыстардың алдын алуға мән берді. Яғни оның салдарымен күресуге емес, жемқорлыққа себеп болатын алғышарттарды азайтуға назар аударды.

Белгілі бір деңгейде бұл өзінің жемісін берді: жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне жұмылдырылған азаматтар саны әлдеқайда көбейді, ал қоғамда пара беруге төзбейтін мәдениет қалыптаса басады, бірақ мемлекетте айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

Ресми биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қолданатын құралдардың барлығы дерлік шала болған соң, олар маңызды жеңістерге әкелмейді.

Жемқорлыққа қарсы тұруда өзінің нағыз тиімділігін көрсеткен жалғыз құрал – заңсыз байығаны үшін жауапкершілік алу. Лауазымды тұлға өзінің активтерінің қайдан шыққанын түсіндіре алмайтын жағдайлар бар, ал олар оның табысынан әлдеқайда көп болып шығады. Сенің жалақың соңғы он жылда мың доллардан асқан жоқ, бірақ сен зәулім үйде тұрасың, өзің элиталық жол талғамайтын көлікпен жүресің, ал отбасың шетелде өмір сүреді. Таныс жағдай ма? Оқырмандардың жартысына жуығының көз алдында сипаттап отырған (ойдан шығарылмаған) тұлғалардың бейнесі пайда болды деп ойлаймын. Жемқорлар біздің арамызда жүр, біз болсақ оларға деген көзқарасымызды өзіміз қалыптастырамыз.

Заңсыз байығаны үшін жауап берудің тиімділігі туралы айтқанда, бірден Гонконгтың сәтті тәжірибесі еске түседі. 1974 жылға дейін мемлекеттік аппараттың 94%-ын жемқорлық жайлаған ел еді, қазір ең беделді Transparency International халықаралық ұйымының жемқорлықты қабылдау индексінде 180 елдің ішінде 12-орында тұр.

Қазақстан бұл рейтингте 102 нөмірде орналасқан, түсінгендеріңіздей, елімізде аталған қылмыс үшін жауапкершілік жоқ. Осыдан 14 жыл бұрын 2008 жылдың мамырында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын, сондай-ақ заңсыз баюды реттейтін 20 бапты қоса ратификациялаған кезде, біз айтып отырған ұсыныстың құқықтық негіздері қалыптасқан еді.

Алайда мемлекет аталған норманы енгізуге асығар емес, қорқынышқа бой беріп, табыс туралы жалпыхалықтық декларацияны іске қосуды кейінге шегере береді. Алғашында 2017 жылға жоспарланып, 2020 жылға ауысты, ол мерзімнен кейін тағы бес жылға, яғни 2025 жылға қалдырылды, енді 2027 жылы мүліктің табысқа сай келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік қана енгізілуі мүмкін.

Барлығы қарапайым тәрізді: шенеуніктен «ақшаңыз қайдан келді?» деп сұрайсыз, бірақ онда өзіңізге де сол сұраққа жауап беруге тура келеді. Мұндай жағдайда жемқорлықпен шынымен кү-
рескісі келетіндер азая түседі.

Қазақстан үшін ешқашан өзектілігін жоғалтпаған мәселенің өте қарапайым және түсінікті шешімі бар. Бұл толқынды, әсіресе үлкен сайлау науқаны қарсаңында кім бағындырғысы келеді? Бұл енді қызық сұрақ. Естен шығармауымыз керек: жемқорлар біздің арамызда жүр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить