Ескі Қазақстан жаңа қаңтар жолында

26206
Автор: Димаш Әлжанов
Саясаттанушы

Президент Тоқаев биліктің үш тармағының басында қалды әрі оларды бақылап тұр

Қанды қаңтар Қазақстанды тік тұрғызып, қоғамның өзгеріске деген құлшынысын ғана емес, саяси режимнің де өміршең екендігін көрсетті. Тіпті сол құлшынысты зорлық-зомбылық қолдану арқылы тоқтатуға барды. Нәтижесінде режим билікті өз қолында сақтап қалып, жағдайды тұрақтандыру үшін «Екінші Республика» кейпіндегі «Жаңа Қазақстан» деген нарративті іске қосты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және оның командасының алдындағы басты міндет – бір жағынан, режимнің имиджін жаңалау болса, екінші жағынан, Назарбаев құрған саяси жүйе- ні сақтап қалу. Ескі саяси жүйе сақталса, екінші президент билікті өз тұлғасының айналасына шоғырландыра алады.

Тоқаев ұсынған «суперпрезиденттік жүйеден» парламенті мықты президенттік жүйеге өту формуласы шын мәнінде саяси мазмұны жоқ мәлімдеме болып шыққаны таңғалдырмады. Конституциялық өзгерістер туралы заң жобасының мәтінінен Назар- баевтың суперпрезиденттік (саясаттанушылардың ғылыми тілінде ол жартылай президенттік деп аталады) жүйесі еш өзгеріссіз қалғанын анық көрдік.

Президенттік және жартылай президенттік режимдердің айырмашылығына келетін болсақ, біріншісінде жалпы халық сайлаған президент атқарушы билікті басқарады. Бұл модель АҚШ, Чили және басқа да оңтүстік америкалық демократиялық елдерде таралған. Ал жартылай президенттік режимдерде үкіметті премьер-министр басқарады, ол үкіметпен бірге ұжымды түрде президентке («президент–премьер» моделі) немесе парламентке («премьер–президент» моделі) есеп беруге міндетті.

Президент Тоқаев биліктің үш тармағының басында қалды әрі оларды бақылап тұр.

Президенттің жоғалтатыны да шамалы, нақты айтқанда, облыс және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актісін кері қайтару мүмкіндігінен айырылды. Бірақ кезінде Назарбаевтың қолында болған барлық өкілеттікті өзінде сақтап қалды. Егер әкімдерді президенттің өзі тағайын- дайтынын ескерсек, олардың актісін кері қайтаруда тұрған еш маңыз жоқ. Қосымша жаңа құрылатын Конституциялық соттың басшысын тағайындай алады. Президенттің саяси жүйедегі игіліктерді үлестіретін негізгі адам ретіндегі элита мен бюрократияның саяси лоялдығын мемлекеттік қызмет пен ресурстарға айырбастауға мүмкіндік беретін басты рөлі өзгеріссіз қалды. Бұл қазірдің өзінде режимді екінші президентті персонификацияға бастап кетті.

Конституциядан тұңғыш президенттің өкілеттіктері туралы тармақты алып тастау және тұңғыш президент туралы Конституция- лық заңға (46-баптың 4-тармағы) сілтеме жасау осы заңның күшін жоюға, сондай-ақ тұңғыш президенттің отбасы мүшелерін қуғындауға жол ашуы мүмкін. Олардың жеке меншіктерін қайта бөліске салу басталады. Бірақ бұл қадамды құрылымды реформа деп айтуға аузымыз бармайды әрі ол Назарбаев құрып кеткен саяси жүйені өзгертпейді.

Өзгертулердің мәтінінде парламенттің биліктің заң шығарушы және өкілдік органы ретінде саяси күшеюін білдіретін ешнәрсе айтылмаған. Керісінше, ұсынылған өзгертулер кейбір тұстан парламенттің саяси жүйедегі онсыз да әлсіз жағдайын одан әрі нашарлатып жібереді. Атап айтсақ, президент парламент пен қабылданатын заңдардың үстінен бақылауды толық сақтап қалды. Президенттің конституциялық заңдар бойынша қарсы пікірі мен түзетулері екі палатаның төрттен үші, ал қарапа- йым заңдар бойынша үштен екісі дауыс бергенде ғана еңсеріледі. Егер қарсы пікірді еңсере алмаса, ол заң президенттің редакциясымен қабылданады.

Назарбаев парламентті бақылаудың аралық деңгейі ретінде құрған тағы бір орган – Сенат. Сенатқа депутаттарды жанама сайлау президентке мандаттарды үлестіріп (тікелей квота арқылы және жанама облыстық мәслихат арқылы), лоялды база қалыптас- тыруға ғана емес, өзіне жақпаған заңдарды бұғаттап тастауға мүмкіндік береді. Одан бөлек президенттің парламентті бір жақты тарату туралы және сайлауды бекіту туралы өкілеті (44.1 және 63.1 баптар) өзгеріссіз қалды. Бұл заң шығарушы органды тұрақтылығынан айырып, парламент депутаттарын президенттің қалауына толық саяси бағынышты етіп қояды.

Төменгі палатадағы депутаттар санын 98-ге дейін қысқарту және жаңа аралас сайлау жүйесі өкілдік идеясын айтарлықтай бұрмалайды. Техникалық тұрғыда бұл әкімшілік ресурстың маңызын арттырып, қажетті нәтижеге кепілдік беру үшін жасалған.

Биліктің атқарушы тармағының қалыптасуы және есеп беру мәселесінде де өзгеріс жоқ. Президент ең алдымен өз алдында және содан кейін ғана формалды түрде парламент алдындағы ұжымдық жауапкершілігі бар үкіметті құру құқығын өзіне қалдырды. Бюджет қалыптастыру және оның игерілуін бақылау мәселесінде де парламент бұрынғыдай қауқарсыз қалып отыр. Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін жылына екі рет тыңдауға берілген мүмкіндік парламенттің тәуелсіз бақылауға және зерттеу жүргізуге  деген билігінің орнын толтыра алмайды.

Егер президент Тоқаев шын мәнінде парламенттің күшеюіне әрі өзінің шамадан тыс өкілеттіктерін шектеуге алаңдаған болса, ол кем дегенде тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылы қабылданған алғашқы конституциясына жүгінсе де болар еді. Ол кезде «суперпрезиденттік жүйе» әлі қалыптаспаған да еді.

Салыстыру үшін айтатын болсақ, 1993 жылғы Ата заңға сәйкес, парламенттің Конституция қабылдауға және оған өзгеріс енгізуге, заң қабылдап, бюджет бекітіп, оның орындалуын қадағалап, референдум өткізу туралы шешім қабылдауға әрі премьер-министр- дің, сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істер министрінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауға келісім беруге толық жеке-дара құқығы болды. Сондай-ақ Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Жоғарғы арбитражды соттың судьяларын сайлауға және орнынан босатуға, төменгі деңгейдегі соттарды қалыптастыру тәртібін анықтап, Бас прокурорды, Ұлттық банк төрағасын тағайындай алатын, мемлекеттік наградаларды және президенттің төтенше жағдай туралы қаулысын бекітуге құқығы бар еді.

Ол мінсіз конституция болмады, бірақ билік тармақтарының арасында тепе-теңдік болуы үшін қажетті маңызды элементтерді қамтыған-тын. Оның тармақтарын іс жүзінде жүзеге асыру Назарбаев- тың суперпрезиденттік жүйесінен жартылай президенттік басқару формасындағы «премьер–прези- дент» моделіне көшкенімізді білдіруші еді. Бұл Қазақстанды Украина мен Польшаның демократиялық режимдеріне жақындатар еді. Солай болған жағдайда Тоқаев- тың іс-әрекеттері де өзі айтқан мәлімдемелерге сай болып, реформалар пакетінің саяси мазмұны айқындалар еді.

Өкінішке орай, Қанды қаңтардан кейін елдің саяси дамуының бағыты президент билігін нығайтудың екінші цикліне ұласты. Сая- си режим бұрынғысынша қалды, сондықтан «Екінші республика» мен «Жаңа Қазақстанның» мазмұны да бұрынғысынша ескі күйінде қала бермек. Нәтижесінде қоғамды жаңа наразылықтарға итермелеуі әбден мүмкін.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить