Құқық қорғаушылардың рейдері: жыл сайын 20 мыңнан аса кәсіпкер алаяқтық үшін жазаланады

10116

Қазақстанда кассациялық соттар пайда болуы мүмкін

Фото: © Depositphotos/LyazaTretyakova

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров мүндай соттар «әділеттілікке жол» деп неліктен аталатынын, заңның жетілмегендігіне байланысты кәсіпкерлер құқық қорғау органдары тарапынан қысымға қалай ұшырайтынын айтты, деп хабарлайды «Атамекен».

«Қарапайым сөзбен айтсақ, бізде істер: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік деп үшке бөлінеді. Егер әкімшілік істер бойынша «есік» үнемі ашық тұрса, кассацияға барлық істер кіреді, қылмыстық істер бойынша «терезе» болса, азаматтық істер бойынша кішкентай «саңылау» ғана бар. Адамдар қылмыстық істер бойынша неліктен кассацияға аз ғана шектеумен жете алатынына таң қалады. Ал азаматтық істер бойынша ақшалай шектеулер де, істі алдын ала қарау да бар. Сондықтан біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан Сот әкімшілігі, Жоғарғы соттың басшылығымен бірнеше рет кездесіп, мәселені талқылап, оларға аудандық кассациялық соттар құруды ұсындық. Егер Астана қаласында әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша үш кассациялық сот құрылатын болса, онда «Атамекен» ҰКП бұл позициямен келіседі. Өйткені бұл шара бизнестің кассациялық сатыға шығуын қамтамасыз етеді», – деді Ербол Өстеміров.

Спикер президент өз үндеуінде әкімшілік әділетті кеңейту және нығайтуды тапсырғанын еске салды. Бұл ретте әкімшілік әділет саласында шағымдар аз. Істердің шамамен 64%-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешіледі.

«Бұл ретте бизнес-қоғамдастықтың атынан Ұлттық палатаға жыл сайын 4 мыңға жуық өтінім келетінін атап өтемін Кәсіпкерлер негізінен құқық қорғау органдары, бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан қысымға және сот шешімдеріне шағымданады. Ең жиі кездесетін проблемалар – құқық қорғау органдарының тергеу әрекеттері, жауап алу, тінту, құжаттар, соның ішінде түпнұсқалар, серверлер, компьютерлерді алып қою мәселесі. Қазір мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің қызметін тоқтатуға құқылы. Мұндай фактілер өте көп», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Сондықтан, спикердің айтуынша, кәсіпкерлерге қатысты тергеуге дейінгі тексерулердің жеке тәртібі қажет. Мерзімдерді нақты белгілеу қажет, кәсіпкердің мүлігінен алуға болатын және мүмкін емес нәрселердің нақты тізімін бекіту керек.

«Мысалы, құқық қорғау органдарында кәсіпкерлерді жауапкершілікке тартуға болатын  ең танымал екі қылмыстық бап бар. Атап айтқанда, «Бөтеннің мүлкін иемдену» және «Алаяқтық» баптары. Бизнеске қатысты алаяқтық бойынша жылына 20 мыңға жуық іс қозғалады. Ал бөтеннің мүлкін иемдену бойынша – 2 мың іс қозғалады. Әдетте, істер жәбірленушілердің алдау және алаяқтық туралы өтініштері үшін емес, жедел қызметкердің бұзушылықты байқағаны туралы жазбасы негізінде қозғалады. Содан кейін қылмыстық қудалаудың барлық ауыртпалығы кәсіпкердің басына түседі. Демек, құқық қорғау органдарының қолымен жасалған рейд болады», – деп қорытындылады Ербол Өстеміров.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube