Қазақстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа премьер-министрін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

"Олжас Абайұлы Бектенов бұрын атқарған қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын", – делінген құжатта.