Президент Іс басқарушысының жаңа орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Рустам Ахатханұлы 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы Еуразия нарық институтында экономист мамандығын меңгеріп шыққан.