Қазақстан жаңалықтар
26 октября 2023, 10:32
Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті
Аталған жыртқыш Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін жабайы жануарларды бақылау мақсатында құрылған фототұзақ объективіне ілікті.
Биылғы санақ нәтижесінде ұлттық парк аумағында 71 Түркістан сілеусіні бары анықталды.
Тұрқының ұзындығы 87-104 см, ал салмағы 13-30 келіге дейін жететін жыртқыш мекенін өзгерте қоймайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерде мекендейді.
Сілеусіннің саны азайған бұл түрі еліміздің Қызыл кітабына, сондай-ақ Халықаралық табиғат қорғау Одағының қызыл тізіміне енгізілген. Оны аулауға 1976 жылдан бастап тиым салынған.
Больше на Forbes