Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ, театр өнері, көрмелер ұйымдастыру сынды басқа да бағыттарда мәдени тәжірибе алмасу жобаларын бірігіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап мәдени-гуманитарлық саладағы белсенді байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.