17-18 қазан күндері Қазақстан президенті Қытай Халық республикасына ресми сапармен барады

Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.