Қазақстан қазіргі бессайыстан париж олимпиадасына екінші лицензия жеңіп алды

Ерлер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Георгий Борода-Дудочкин Париждегі Олимпиадаға жолдама алды.

Фото: ҚР ТСМ

Жалпы есеп бойынша ол 1411 ұпай жинап, оныншы болды.

Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындарында спорттың 8 түрі бойынша олимпиадалық лицензиялар ойнатылады. Қазіргі бессайыстан басқа, бұл бокс, садақ ату, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика.