Тимур Қарағойшин жаңа қызметке тағайындалды

 ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», – деп жазылған құжатта.