Елімізде жекеменшік мешіт бар ма

 Елімізде жекеменшік мешіт жоқ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім етті

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-бабында Діни бірлестіктер құлшылық ету орындарын ұстауға құқылы. Осы ретте, ел аумағындағы барлық мешіттер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – Республикалық ислами діни бірлестігінің меншігінде және филиалы ретінде әділет органдарында тіркелген», - деп атап өтеді министрлікттен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Бұған дейін діни қызметшілердің жалақысы мемлекет тарапынан тағайындалмайтындығын жазған едік.

Сонымен қатар еліміздегі мешіттерді күтіп ұстауға да мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейді.