Қазақстан жаңалықтар
29 июля 2023, 08:20
7-20-25 бағдарламасы бойынша 70 мыңға жуық несие берілді
27 шілдедегі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 932,3 млрд теңгеге 69 143 қарыз берілді, деп хабарлайды Ұлттық банкі.
Ең көп өтінім Астана қаласында берілген – 24 840. Қала тұрғындары 389,4 млрд теңге қарыз алған. Алматы қаласында 13 778 өтінім қабылданып, 212,4 млрд теңге қарыз берілген. Шымкентте – 5 234 өтінім, 64,3 млрд теңге.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша толық ақпаратты «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ның ресми интернет ресурсынан алуға болады.
Вам может быть интересно: «Казахстан выступил соавтором резолюции ГА ООН, осуждающей осквернения религиозных символов»
Больше на Forbes