Ангелина Лукас Петропавлдағы турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

Балауса Мұздиман Петропавлда бокстан өтіп жатқан спартакиаданың ширек финалында Ангелина Лукасты жеңді. Бұл туралы  «Шредингер спорты» Telegram-каналы хабарлайды.

Бірінші раундты Балауса – 4:1, екінші кезеңді – 3:2, ал үшінші кезеңді 4:1 есебімен аяқтады. Нәтижесінде Мұздиман 5:0 ұпаймен жеңді», – делінген хабарламада.

Әйелдер арасындағы спартакиада бүгін басталды. Медальдар 48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 81 келіге дейінгі және 81 келіден жоғары салмақта ойнатылады.