Елорда әуежайынан Әзербайжан астанасына аптасына 2 рет тікелей ұшуға болады

Қазақстан астанасынан Бакуге рейстер сейсенбі және жұма күндері, кері бағытта - дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады, деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.

«Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді»,-делінген хабарламада.