Елордада беймәлім ер адам кранның басына шығып алды
Астанада белгісіз ер адам кранның басына шығып алған. Қазір оның себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«24 сәуір сағат 11.39-да «102» арнасына белгісіз ер адамның кран мұнарасына шығып алғаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберілді. Қоғамдық тәртіпті бұзушы іс-әрекетінің себебі анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, өткен жылы Астанада осыған ұқсас жағдай болған еді. Кейін кран басына шыққан ер адам 5 тәулікке қамалды.
Ер адам Тараз қаласының құқық қорғау органдарымен арада туындаған проблемаға назар аудару мақсатында құрылыс кранының төбесіне шығып алған.
Вам может быть интересно: «Турция значительно снизила зависимость оборонной промышленности от внешнего мира - Эрдоган»