Қазақстандық жасөспірім теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы теннистен 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады, ҚТФ баспасөз қызметі деп хабарлайды.

20 наурыз бен 1 сәуір аралығында Малайзияның Кучинг қаласында World Junior Tennis Competition 14&under Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекесі өтеді.

Осы додада Қазақстан намысын мына теннисшілер қорғайды.

Ұлдар:

Михаил Мищенко (Алматы),

Ярослав Пшеничный (Астана),

Мансұр Сайынов (Ақтөбе).

Команда капитаны Сергей Квак.

Қыздар:

Ева Корышева (Ақтөбе),

Сабина Шухратова (Шымкент),

Еркежан Жаңатаева (Алматы).

Команда капитаны Мәдина Рахым.

Іріктеу кезеңінде 16 команда төрт топқа бөлініп, бақ сынайды. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне шығады. Сосын командалық әлем чемпионатының финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады. Биыл Азия – Тынық мұхит аймағынан ұлдар құрамасына 4, қыздарға 3 жолдама беріледі.

Өткен жылы 14 жасқа дейінгілер арасында қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысып, қола жүлде үшін бәсекеде АҚШ құрамасына жол берді. Сөйтіп үздік төрттікке ілікті.