Қазақстан жаңалықтар
24 февраля 2023, 18:10
Астанадағы көшеге Сұлтан Бейбарыстың есімі берілді
Астанада Сұлтан Бейбарыстың аты берілген көшенің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Мәдениет министрлігі.
Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге Мысыр сұлтанының есімі берілді. Шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орайластырылған.
«Бұл ұзындығы 2 км-ден асатын алты жолақты көше. Сонымен қатар біз мерейтой аясында спектакльдер, ғылыми конференциялар, Мысыр тарапымен бірлескен жобалар шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов көшенің ашылу рәсімінде.
Вам может быть интересно: «Gallup: Россияне оптимистично оценивают экономическую ситуацию»
Больше на Forbes