Қазақстан жаңалықтар
14 февраля 2023, 10:32
Үшарал - Достық күре жолы ашылды
«Үшарал-Достық» күре жолы ашық, деп хабарлайды республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.
«Жетісу өңіріндегі «Үшарал-Достық» күре жолындағы көлік қозғалысына қойылған шектеу сағат 9:30-дан бастап алынды»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Жетісу облысында боран соғып, жолдың көрінбей қалуы себепті «Үшарал-Достық» күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.
Вам может быть интересно: «Миссия МВФ приступила к пересмотру мониторинговой программы для Украины»
Больше на Forbes