Ғалымжан Қойшыбаев ҚР премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды

Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалсын» деп жазылған Президент қол қойған Жарлықта.