Бауыржан Мұхаметжанов Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды  Ақорда.

Еске салайық, Президент еліміздің Грузиядағы Елшісі қызметіне Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалинді тағайындады. М.Мырзалин ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Бүгін сондай-ақ, Қазақстанның Болгария, Литва және Албаниядағы Елшілері тағайындалды.