Шорт-тректен ҚР Құрамасы әлем кубогі кезеңінің финалына өтті
Шорт-тректен Қазақстанның ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Қазақстандық спортшылар 5000 метрге эстафетаның шешуші айналымына өтті.
Бірінші жартылай финалда спортшыларымыз екінші нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш оларға медаль үшін талас жолында қалуға мүмкіндік берді. Себебі ақтық сайысқа ½ финалдың әрбір айналымынан алғашқы екі құрама команда өтті.
Медаль үшін таласта Қазақстанның қарсыласы Италия, Канада және Оңтүстік Корея болады.
28 қазанда Монреальда шорт-тректен Әлем кубогінің алғашқы кезеңі басталатынын бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл кезеңде тек Қазақстан ерлер құрамасы сынға түсіп жатыр. Әйелдер құрамасы Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайтын 2-кезеңге қатысады.
Вам может быть интересно: «Сомали и международное сообщество осуждают смертоносные взрывы в Могадишо»