Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Жексенбі күні 3 қалада ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

30 қазанда Алматы, Астана және Ақтау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.