Қазақстан жаңалықтар
23 октября 2022, 16:55
Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Борт№1.
– Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз.
Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Вам может быть интересно: «Франция оштрафовала саму себя на 20 миллионов евро за грязный воздух»
Больше на Forbes