ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Самарқанд декларациясы қабылданды

Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Самарқанд декларациясы қабылданды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың басым бағыттарына тоқталды.

Сондай-ақ жиында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттер басшылары мен саммиттің құрметті қонақтары – Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Ибрахим Раиси, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Өңірлік террорға қарсы құрылымның (ӨТҚҚ) Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев және БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари Дикарло сөз сөйледі.