Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.