30 тамызда қазақ-қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері жұмыс істемейді

Мемлекеттік кірістер комитеті 30 тамыз - Конституция күніне орай Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейтінін еске салды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктілері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің бәрінен енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді комитеттен.