Алматыда ауа сапасы нашарлайды

2 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, дүйсенбіде атмосфералық ауа сапасы Алматы қаласында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.