Тоқаев Сочи қаласына келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Сочи қаласына келді. Бұл туралы БОРТ1 Telegram-каналы хабарлайды.

«Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі», - делінген мәліметте.

Еске салайық, Қ.Тоқаев 19 тамызда жұмыс сапарымен Сочиге баратынын жазған болатынбыз.

Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайтыны жоспарланған.

Ал 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.